Нұр-Сұлтанда мемлекеттік бағдарламамен салынған тұрғын үй құлайын деп тұр
Елордада мемлекеттік бағдарламамен салынған көп қабатты үй құлайын деп тұр. Үйдің сыртқы қаптамасы сынып, жаяу жүргіншілер жолына құлап жатыр.
Бұл туралы Orda.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.
Тоғызыншы қабаттан кірпіш сынықтары мен үгітілген құрылыс материалдары жерге құлап, тұрғындардың алаңдаушылығын тудыруда. Тұрғындар үйлерінен шығуға қорқып отыр.
Пәтер иелері биліктен көмек сұраған, олар жөндеу жұмыстарын өз қаражаттарына шешуді ұсынған.
Негізі бұл тұрғын үйдің салынғанына көп бола қоймаған. Тоғыз жыл бұрын ғана мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған. Бірақ тұрғындар тарапына шағым көп. Кәріз құбырлары шіріп, ғимарат жертөлесі жаңбыр мен еріген қардың ағынды суына толып қалады. Енді міне, сыртқы бөлігі қирап жатыр, - деп шағымданды халық.
Аудан әкімдігі тұрғындар шағымында көретілгени үйді тексердік деді. Алайда, сараптама қорытындысы шықпайынша ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілмейді. Сондықтан мәселенің жақын арада шешіле қоймайтындығы белгілі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық