Нұр-Сұлтанда LRT ісі бойынша күдіктілер жауап алуға шақырылды
Коллаж: Orda.kz
Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының ведомствоаралық тергеу тобы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековке, «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы Талғат Арданға және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлады.
– Тергеу жинаған айғақтар күдікті Сұлтанбековтің іс-әрекетін Қылмыстық кодекстің 1997 жылғы редакциясындағы 176, 235 баптары және қолданыстағы ҚР ҚК-нің 189-бабы бойынша саралауға мүмкіндік берді. Талғат Арданның заңсыз әрекеттері 1997 жылғы ҚК-нің 176-бабы, 262-бабы және қолданыстағы ҚР ҚК-нің 189-бабы бойынша сараланды, - делінген Бас прокуратура хабарламасында.
Ведомствода түсіндіргендей, Қанат Сұлтанбеков пен Талғат Ардан шетелде болғандықтан, прокурордың келісімімен іс-әрекеттерді саралау және жауап алуға шақыру туралы хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
– Күдіктілер Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының Қабанбай батыр даңғылы, 31 мекенжайы бойынша орналасқан әкімшілік ғимаратына келуі керек. Тергеу әрекеттеріне қатысу үшін күдіктілер өз бетінше қорғаушы шақыруға немесе сот отырысына қатысуға өтініш беруге құқылы.
Қорғаушыны күдіктілер немесе олардың заңды өкілдері, сондай-ақ олардың атынан басқа да тұлғалар шақырмаса, қорғаушының қатысуын қылмыстық процесті жүргізетін орган қамтамасыз етеді, - деп түсіндірді Бас прокуратура.
Бұған дейін күдіктілер Сұлтанбеков пен Ардан 12 қаңтарда прокуратураға жауап алуға шақырылған, бірақ олар белгіленген уақытта келмеген және келулеріне кедергі болған себептер туралы хабарламаған.
Жаңалықтар
- «40 адамның қызметін енді компьютер атқарады»: Алматы метросында мамандар жұмысынан айырылуы мүмкін
- Журналистер одағы 2026 жылға арналған сыйлық пен марапат лауреаттарын жариялады
- Шілде айынан бастап Қазақстанда әскерге шақыру цифрландырылады
- Ресейдегі газ өңдеу зауытына жасалған шабуыл Қарашығанақ газына қатысты мәселені қайта көтерді
- Сhildfree идеологиясына қарсы пәтуа: «Кедейлік – бала тумай қоюға себеп емес»
- CNN: АҚШ-тың Ұлттық барлау жүйесінде жаппай жұмыстан босату жүріп жатыр
- Алматының Райымбек даңғылындағы BRT жобасының орнына SkyTrain жүйесі іске қосылады
- Алматылық полицейді өлтіріп, денесін өртеп жіберген: Іс бойынша әйелі мен ұлы ұсталды
- Қарт әкесін сабап, оны видеоға түсіріп таратқан «батыр бала» бес тәулікке қамалды
- Ербаянның өлімі: Тапаншаға ұмтылған полицейдің әрекетіне құқықтық баға беріледі
- Ербаян Мұхтардың әкесі жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды: Отбасы мәйітхана алдында жүр
- Түркістан облысында күре жолдың бетон жабындысы көтеріліп кетті. Аптап ыстық себеп пе?
- Ербаянның қазасына қатысты ДСМ мәлімет берді: Науқастың жағдайы өзгермеді
- Қырғызстан мен Өзбекстан мемлекеттік шекараны демаркациялауды әлі де жалғастыруда
- Қазақстан мен Еуропалық одақ 12 миллиард долларлық келісім дайындап жатыр
- Тоқаев ЕО дөңгелек үстелінде: Біз білімге негізделген экономика қалыптастыруға ұмтыламыз
- 150 млн еуро инвестиция: Тоқаев пен ЕО басшылары жаңа келісімдерге келді
- Ербаян Мұхтар қайтыс болды
- Тоқаев: Бельгия — Қазақстанның Еуропалық Одақтағы басты серіктестерінің бірі
- 102 адам мейрамханадағы астан уланды: Сот қылмыстық іс қозғады