Нұр-Сұлтанда газ құны арзандады
Нұр-Сұлтанда тұрғын үйді газбен жабдықтау 30 пайызға арзандады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Елорда әкімдігі бірнеше рет монтаждау жұмыстары бойынша мамандандырылған жеке ұйымдармен кездесулер өткізген.
«Алия Сервис» ЖШС тұрғын үйді газбен жабдықтау құнын 240 мың теңгеден 150 мың теңгеге (37,5 пайызға), «Қазтрансгаз Аймақ» АҚ - 123 мың теңгеге дейін төмендеткен. Басқа бірқатар жеке ұйымдар да тұрғын үйді газбен қамту құнын арзандатты. Бұл сомаларға газ жабдықтары мен аксессуарлардың құны кірмейді.
Баспасөз қызметі тұрғын үй аудандарындағы газ тарату желілері мен тоқсандық желілер құрылысын «Нұр-Сұлтан» әкімдігі жүзеге асыратынын, ал үй ішін жабдықтауға жеке ұйымдар жауапты екенін еске салды. Есептегіштерді мемлекет азаматтарға тегін береді.
Қаланы газдандыру үш кезеңнен тұрады. Ағымдағы жылыту маусымында Железнодорожный, Көктал-2 аудандарының тұрғындары және Агроқалашықтың бір бөлігі газға көшуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, Көктал-1, Промышленное, Оңтүстік-Шығыс бөлігінде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
Әкімдіктің хабарлауынша, «Қазтрансгаз Аймақ» АҚ ішкі газбен жабдықтау желілерінің қауіпсіздігі мен тексеру жұмыстарына жауапты.
«Астананы газдандыру - Елбасының тарихи жобасы. Бұл қоршаған ортаны жақсартумен қатар, жеке сектор тұрғындарының өмір сүру жағдайларын айтарлықтай жеңілдетеді. Газдандыру процесі Мемлекет басшысының бақылауында», - деп хабарлады әкімдік.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық