Нұр-Сұлтанда фельдшер жарымжан қызды зорлады
Фото: Orda.kz
Нұр-Сұлтан қалалық емханасының фельдшері жарымжан науқасты бірнеше рет зорлады деген күдікке ілінді.
Науқас қыздың анасы «Не молчи» қоғамдық қорынан көмек сұраған.
Оның айтуынша, былтыр шілде айында қызы мен өзі коронавируспен ауырып қалған. Үйлеріне «Емдеу 7» емханасынан фельдшер келген.
«ПТР тест алған медицина қызметкері келесі күні үйге келіп, дәрі-дәрмек жазды. Ауруханаға жату керектігін айтып еді, біз бас тарттық. Қызымнан үйде кім тұратыны, туыстар жайында тәптіштеп сұрады. Ол үйде ер адамның жоқтығын, екеуміз ғана екенін айтты. Сенбі фельдшер кешқұрым қайта келіп, қызымды компьютерлік томографияға апаратынын айтты. Үстінде медициналық халаты, қолында сөмкесі жоқ. Сеніп, қызымды жібердім» дейді зардап шегушінің анасы.
Қордың өкілдері дәрігер анасы бірге бармақ болғанда, оны үйде қалдырып кеткенін хабарлады.
Осылайша, фельдшер науқас қызды өзінің жеке көлігімен емханаға әкеліп, фильтр кабинетіне кіргізген. Компьютерлік томография жасаймыз деп, оның көзін байлаған. Фельдшер науқастың қорғансыздығын пайдаланып, оны зорлаған.
Артынша, қызды үйіне апарып, анасы екеуін басқа емханаға КТ жасауға апарған.
Науқас қыз үш апта анасына ештеңе айтпаған.
Күдікті оны анасына айтса, ол ауырып қалатынына сендіріп, қызды қорқытқан.
«Ертеңінде фельдшер тағы келіп, қызымды ЭКГ-ға апаратынын айтты. Арнайы киімді былай қойғанда, медициналық маскасы да жоқ. Фильтр кабинетіне апарып, қызымды тағы зорлаған екен. Үш апта өткен соң ол қыздардан сараптама қалай алынатынын сұрады. Өйткені дәрігер осылайша сараптама алды деп ойлап жүрген. Ақырын сұрай келсем, қызыма осындай айуандық жасалған екен» дейді науқастың анасы.
Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық