Нұр-Сұлтанда әдепсіз әрекеті үшін жұмыстан босатылған мұғалім жұмысына қайта оралды

cover Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда оқу орындарының бірінде әдепсіз әрекеті үшін жұмыстан босатылған мұғалім сот шешімімен бұрынғы қызметіне қайта алынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтанның Алматы аудандық соты хабарлады.

Сотта анықталғандай, жұмыс беруші мұғалімге еңбек шартын бұзу туралы ескерту хатын жібермей, еңбек заңнамасын бұзған.

Азаматша М. өз балаларына және мектеп оқушыларына физикалық және психикалық қысым көрсететін. Ол туралы мектеп директоры қызметтік хат жіберген. Мұғалім жауапқа тартылған. Бұл туралы директор мұғалімнің жұбайынан білген.

«Бұл ақпараттың шынайылығы анықталмады. Алматы аудандық сотының шешімімен жұмыстан босату туралы бұйрық заңсыз деп танылып, күші жойылды. Педагог жұмысына қайтарылып, үш айлық жалақысы өндірілді. Шешім заңды күшіне енді» деді сот.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар