Нұр-Сұлтанда банк қызметкері депозиттен 6 миллион теңге ұрлап алған
Cурет: ашық дереккөзден
Банк қызметкері 71 жастағы зейнеткердің депозитінен 6 миллион теңге ұрлап кеткен, деп хабарлайды елордалық ПД баспасөз қызметі.
Елорда тұрғыны депозитінен ақша жоғалып кеткенін айтып, полицияға жүгінгені хабарланды. Қария 2018 жылы қайта салған депозиттегі ақшасын алу үшін банкке келген, ол бұғын дейін ұзақ уақыт депозитін пайдаланбай жүрген. Бірақ банкке келгенде шотындағы жинақ жоқ екенін байқаған. Зейнеткер тергеу жүргізу үшін полицияға хабарласқан.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Нұр-Сұлтан қаласы ІІБ Есіл аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ақшаның жоғалуына банк қызметкерінің қатысы барын анықтады. Ол салымшының шотын ашып, жәбірленушінің 6 миллион теңгесін досының есепшотына аударып, кейін қолма-қол ақшаға айналдырған. Ол ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген. Бір күннің ішінде полиция ақшаны жымқырған адамды анықтап, ұстады» делінген полиция мәлімдемесінде.
23 жастағы күдіктіге қатысты «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Оның астанада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар екені белгілі болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық