«ҚазақАлтын» есепшотынан 1,5 миллиард теңге ұрлағандар ұсталды
Нұр-Сұлтанда «Қазақалтын» тау-кен металлургиялық концерні есепшотынан 1,5 миллиард теңгені ұрлаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«ҚазақАлтын» өкілдері полицияға 23 ақпанда компанияның есепшотынан 1,5 миллиард теңгеден астам ақша жымқыру фактісі бойынша хабарласты.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтанда компанияның қаржы бөлімінің қызметкері - 37 жастағы әйел мен оның зайыбын ұстады.
– ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы, 4-бөлімі - «Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі көлемде ысырап ету немесе жымқыру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлады полиция.
Ұсталғандарға қатысты сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды.
Тергеу аясында компанияға өтемақы төлеу бойынша шаралар қабылдануда. Тергеу мүдделеріне қатысты басқа ақпарат жария етуге жатпайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық