Автокөліктің «егізі» анықталды
Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері Алматы облысының тұрғынына тиесілі автокөліктің «егізін» тапты. Бұл туралы Tengrinews.kz ресми сауалына елордалық полиция департаменті жауап берді.
Департамент хабарлағандай, қазір VIN-кодтары бірдей екі автомобильді анықтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Іс Қылмыстық Кодекстің 386-бабының 1-бөлігі «көлік кузовының нөмірін қолдан жасау, жалған кузов нөмірімен көлікті өткізу» бойынша жүргізілуде.
«Audi A6 маркалы автокөлігінің «егізі» анықталды. Сот-трасологиялық сараптама тағайындалды. Жоғарыда көрсетілген сараптаманың қорытындысын алғаннан кейін автокөлікті тіркеуді тоқтату және есептен шығару туралы мәселе шешілетін болады», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті.
Бұған дейін Алматы облысының тұрғыны Юлия Черкасская бір жылдан астам уақыттан бері Audi A6 көлігін пайдалана алмай жүргенін айтқан болатын. Оның айтуынша, Нұр-Сұлтанда осындай VIN-коды бар тағы бір көлік тіркелген. Көлік иесінің техникалық байқаудан өтуге, сақтандыру төлемін және өз көлігіне салық төлеуге мүмкіндігі жоқ.
Жаңалықтар
- Тоқаев Украина президентін Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады
- 150 мың SMS-бластер: Алаяқтар сүзгілеу жүйелерін айналып өтудің жолын тапқан
- Павлодарда ер адам тротуардың астындағы қайнаған суға құлап, күйіп қалды
- Тамызда Қазақстанның кей өңірлерінде қар жаууы мүмкін
- Қазақстанда бірнеше ведомство басшылары лауазымдарына қайта тағайындалды
- Магистратура — 2026-2027: Грант иегерлерінің тізімі
- Тоқаев білім жүлдегерлеріне 6,5 млн-дық сыйақы сертификатын тапсырды
- Алматыда тұрғын үйдегі өрттен бір адам қаза тапты, тағы төртеуі ауруханада
- ШҚО-да ер адам бірнеше жыл бойы қызын зорлаған
- Министрлік көлік жүргізушілерге үндеу жасады
- «Аз жалақыға ауыр жұмыс істейді»: Коммуналдық қызметкерлерді сынап басы дауға қалды
- Леңгірде бетперде киген адамдар үйге кіріп, әйелді бірнеше сағат бойы ұстаған
- Павлодар облысында трактор екі баланы қағып кетті
- Жаңа оқу жылы: Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
- Әуежайда бет-жүзбен 15 секундта тексеру: Қазақстанда жолаушылар үшін не өзгереді?
- Президент дзюдошыларды жастар арасындағы әлем чемпионатындағы үздік жеңісімен құттықтады
- ОСК Құрылтай сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады: Бес партия мандат алады
- Маңғыстауда 16 жастағы қызға зорлық-зомбылық жасаған соңғы күдікті ұсталды
- Бас прокуратура мемлекетке келтірілген 66,5 млрд теңге залалды анықтады
- Қазақстандықтардың шетелден Құрылтай сайлауына қатысу көрсеткіші 84,8 пайыз болды