Нұр-Сұлтанда 30 млн теңгенің есірткісі тәркіленді
Нұр-Сұлтанның полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, жедел іздестіру барысында Жеңіс көшесінде осыған дейін істі болған 39 жастағы қала тұрғыны ұсталған. Оның сөмкесін тінту барысында гашиш салынған 13 полиэтилен пакеті табылды. Сонымен қатар, күдіктінің пәтерін тінту кезінде гашиш салынған 3 полиэтилен пакеті және сатуға дайын есірткі салынған 32 түйіншек тәркіленді.
«Арнайы операция нәтижесінде заңсыз айналымнан шамамен 20 келі есірткі заты тәркіленді. Оның қара базарда бөлшек сауда кезіндегі құны 30 млн теңгеден асып жығылады. Елорда аумағына есірткі жеткізуге және сатуға қатысы бар қылмыстық тізбенің өзге де қатысушыларын анықтауға бағытталған жедел іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр», - дейді бөлімшеде.
Қазіргі уақытта ұсталған адамның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі, 297-бабы 3-бөлігі және 287-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 10-нан 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазіргі таңда 39 жасар азамат уақытша қамауда, тергеу амалдары жүріп жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық