Нұр-Сұлтанда 133 заңсыз паркоматтар алынады
basnews.kz
Нұр-Сұлтанда мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот заңсыз орнатылған ақылы автотұрақтарға қатысты шешім шығарды.
Нұр-Сұлтан жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Астана паркинг кеңістігі» ЖШС-не қарсы іс қозғады. Әкімдік өкілдері компаниямен келісімшартты бұзып, паркоматтарды бөлшектеуді талап етті.
Сот анықтағандай, 2017 жылы тараптар Нұржол бульвары ауданында ақылы автотұрақтарды құру туралы келісім жасасты. Алайда кейінірек компания елорданың басқа жерлеріне паркоматтарды тиісті құжаттарсыз орнатқан. Компания әкімдіктің келісімшартты бұзу және паркоматтарды бөлшектеу туралы талаптарын елемеді.
– 2018 жылдың 7 қарашасындағы №1 қаланың ақылы автотұрағын құру, пайдалану және басқару жөніндегі келісімшартты бұзу туралы талап арыз және паркоматтарды демонтаждау бойынша жұмыстарды өндіруді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттеме қанағаттандырылсын, делінген хабарламада.
Сот шешіміне сәйкес, компания Нұр-Сұлтандағы 133 автотұрақты бөлшектеуі керек.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық