Нұр-Сұлтан әуежайының есепшісінен бес көлік тәркіленді
Жалпы, 2019 жылдың басынан бастап қылмыстық істер бойынша 1 миллиард теңгеден астам мүлік тәркіленген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ерекше маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлімдеді.
«Тек бір іс бойынша, атап айтсақ, «Астана халықаралық әуежайы» АҚ бас есепшісі Әлия Бабашевадан мемлекет кірісіне5 көлік тәркіленді (Lexus LX 570 – 2018 ж.ш, Mercedes Benz GLS 500 4 matic – 2018 ж.ш, Toyota Highlander – 2018 ж.ш, Toyota Camry – 2019 ж.ш, Toyota Camry – 2017 ж.ш) », - деді Данияр Биғайдаров брифингте.
Ол 2015 -2020 жылдар аралығында қылмыстық істер бойынша мемлекетке белгіленген 174,4 миллиард теңгенің 120 миллиард теңгеден астамы (121,2 миллиард теңге) өтелді деп қосты.
«Келтірілген зиянды өтеу жылдан жылға өсіп келеді. Егер 2015 жылы мемлекетке тек 5 миллиард теңге өтелсе (9,5 миллиард теңге белгіленген), 2020 жылы бұл сома 10 есеге - 50,7 миллиард теңгеге дейін өсті (жиынтық - 60 миллиард теңге). Салыстыру үшін бұл шамамен 50 орта мектеп, ковидтік науқастарға арналған 10 модульдік аурухана немесе 1690 ойын алаңдары», - деп атап өтті спикер.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық