Нұр-Сұлтан-Павлодар тас жолында жүк көлігі жанып кетті
Түнде қысқа тұйықталу салдарынан тіркемесі бар жүк көлігі жол бойында жанып кетті.
Нұр-Сұлтан-Павлодар тас жолында кеше түнде 2010 жылы шығарылған Renault Premium жүк көлігі тиелген тіркемесімен қоса түгел жанып кетті. Өрт сөндірушілер 3 сағаттан астам өрт сөндірумен айналысса да, жүк пен көлікті аман алып қала алмады.
«2022 жылғы 12 ақпанда сағат 01:38-де Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне Нұр-Сұлтан-Павлодар тас жолында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. 2010 жылғы Renault Premium жүк көлігі толығымен жанып кетті. Өрт ауданы 40 шаршы метр. Ол Өзбекстан -РФ бағытында жүріп келе жатқан» деп хабарлады облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Instagram желісінде.
Өрт таңғы сағат 5-те сөндірілді, алдын ала болжам бойынша, электр сымдарындағы қысқа тұйықталу салдарынан көлік жанып кеткен. Зақым себебі әлі де анықталуда, өртенген көліктің екі жүргізушісі Қалқаманнан кейінгі жылу пунктіне эвакуацияланды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық