Нұр-Сұлтан мен Алматыда арнайы жасақ наразыларды қоршауға алды
28 ақпан күні Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында полиция жасақтары бейбіт жиын қатысушыларын «кеттлинг» әдісімен қоршауға алды, деп хабарлайды Азаттық тілшілері.
Нұр-Сұлтан қаласында Дулат Ағаділді еске алу үшін мешіт алдына жиналған 30 шақты азаматты полиция жасағы қоршауға алған. Олар құлыптаулы мешіттің сыртында марқұм Ағаділдің рухына құран бағыштап, артынша «Жастар» сарайына бармақ болған екен. Полиция жасағы әуелі оларды тоқтатпақ болды, одан кейін екі шеңбер әдісімен қоршауға алды.

Жиналғандарға келген Дәулеткерей Кәпұлы олардың талабын тыңдау үшін келгенін, бірақ бұндай жиындарды құптамайтынын айтты. Азаттық тілшісінің «полиция қоршауы адам құқығын бұзбай ма?», - деген сұрағына ол «тара дегенде тарау керек», деп жауап берген.
Шеңберде тұрған үш әйел дәретханаға баратынын айтып, қоршаудан шыққан бойда полиция жасақтары оларды автозакқа отырғызды. Сөйтіп әйелдердің қоршаудағы жақтастарына қосылуға мүмкіндігі болмады.
Қоршауда тұрған белсенділер Еуропарламенттен Қазақстан билігінің өкілдеріне қарсы санкция салуды талап етеді. Полиция мешіт жанындағы «Артем» базарын да толық қоршауға алған.
28 ақпан күнгі митингке Қазақстанның екі оппозициялық тобы шақырған. Бірі - Қазақстанда заңсыз деп танылған, бірақ Еуропарламент «бейбіт ұйым» деп атаған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы болса, екіншісі – «Қазақстан демократиялық партиясын» құру жөніндегі бастамашыл топ.

Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының алдына жиналған «Демпартия» бастамашыл тобының өкілдері де полиция жасағына тап болды. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, шеңбер ішінде жиырмадан астам адам бар.
Полиция жасағы қоршауды көшеден өтіп жатқандар көрмес үшін, жан-жақтан оншақты автобуспен қоршау түзген. Қоршаудың өзі бірнеше шеңберден тұрады. Белсенділердің қоршап тұрған тар шеңбер мен оның сыртындағы үлкен шеңберде полицияның арнайы жасағы тұр. Одан кейінгі қатарда полицейлерден құрылған шеңбер. Оның сыртында темір қоршаулар орнатылған.

Полиция сырттан келгендерді бірден қайтарып жатыр. Қоршау сыртында хабар таратып тұрған журналистерді сыртқа қарай ысырып тастаған.
Сарай орналасқан Ахмет Байтұрсынұлы және Абай көшелері бір бағытта ғана көлік өткізуде. Сонымен қатар тек қоғамдық көліктер ғана қатынап жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық