Нұр-Сұлтан мен Алматы әкімдіктері маңы қоршауға алынды
Екі қалада да әкімдіктер орналасқан ғимараттың айналасын полиция қоршап, жедел жәрдем қызметі кезекшілік етіп тұр.
Orda.kz. тілшілері оқиға орындарында болды.
Кеше желіде сенбі күні сағат 12-ге дейін бүкіл Қазақстан бойынша әкімдік ғимаратына митингке шығуға шақыру туралы ақпарат тараған болатын.
Алаң маңында барлық жерлерде дерлік автозактар қойылып, әкімдікке ешкімді жолатпады.

Нұр-Сұлтан қаласында сағат 12-ге таман екі-ақ әйел келді.
— Біз өзімізді вакциналауға қарсымыз және балаларымызды да вакциналауға жол бермейміз. Бізге олардың вакцинасы мүлде қажет емес, - деді Бақыт Қазбекова.
Сонымен қатар әйелдер зейнеткерлік жасты 58-ге дейін төмендетуді талап етті.

Кейін наразылық білдірушілердің саны артты. 57 жастағы Астана тұрғыны Балқия Қазыбаева мәжбүрлі вакциналауға қарсы пікірін білдірді.
— Адамда өзінің иммунитеті болуы керек, ағза өзімен өзі күресуі қажет. Бұл тұрғыда адамның жеке құқығы болуға тиіс — екпе алғысы келетіндер ала берсін, қаламайтындарға мәжбүрлеудің қажеті жоқ. Егер маңдайыма биыл өлу жазылса, онда мен вакцинасыз да өлемін, - деді қала тұрғыны.

Сарыарқа ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің жетекші маманы Сұлтан Аяз әйелден бетперде киюді, ал қалғандарына тарауды сұрады. Ол жай ғана «өтіп бара жатып» көріп қалғанын, сөйтіп ескерту жасауға келгенін айтты.
Зейнеткер Тұрсынкүл Түбекова Нұр-Сұлтандағы коронавирус жұқтырғандардың көбеюі халықты жаппай вакциналаумен байланысты екеніне сенімді. Оның пікірінше, науқастардың көпшілігі вакциналанған адамдар. Ол өзі халық емімен және тағамдық қоспалармен емделуді жөн көреді екен.

Сонымен, Нұр-Сұлтандағы митингке тек бес қарт ана ғана жиналды.
Зейнет жасын төмендету жөніндегі әйелдер қозғалысының жетекшісі Бегастанова Майкен үкіметтен зейнет жасын 58-ге дейін төмендетуді сұрады. Әйелдерге бұл жаста жұмыс істеу қиын екенін, әсіресе карантин кезінде оларды ешкім жұмысқа алмайтынын жеткізді.
Сондай-ақ, наразылық білдірушілер оларды осы акцияға қатысқандары үшін қудаламауды өтінді. Ақ жаулықты аналар өз демонстрацияларын әкімдік қызметкерлерінің алдында әнмен аяқтады.

Осы уақыт аралағыныда Алматыдағы митингке ешкім келмеді, дегенмен әкімдіктегілер алдын-алу шараларын қарастырып, ескі алаң аумағын қоршап тастаған.
Журналистерді әкімдік жаққа беттетпеді.
— Бізге берілген тапсырма солай. Біз сізді кіргізе алмаймыз. Әкімдіктің аумағы жабық, - деп түсіндірді тәртіп сақшысы.

Оқиға орнында болған арнайы тілшілер: Нұр-Сұлтанда — Асема Гумарова және Аделаида Әуеспекова. Алматыда — Бек Байтас.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық