Нұр-Сұлтан: Мұқтаж отбасыларға көмек сұраған алаяқ ұсталды
Polisia.kz-тің хабарлауынша, мұқтаж отбасыларға көмек көрсету сылтауымен ақша жинаған 21 жасар күдікті ұсталды.
Осыған дейін бойжеткен ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабымен қылмыстық жауапқа тартылған. Ол 2019 жылдың қаңтарында Instagram әлеуметтік желісінде «komissionka_nursultan» парақшасын ашқан. Содан бастап қайырымдылықтың атын жамылып заңсыз түрде ақша жинаған. 21 жасар бойжеткеннің күдікті іс-әрекетін парақшаға жазылғандарың бірі әшкере еткен.
Ақпаратқа сүйенсек:
«Мұқтаж отбасыларға көмек көрсетуді шешкен ол бойжеткеннің банктік картасына 20 500 теңге ақша аударған. Зардап шегушінің айтуынша, біраз уақыт өткеннен кейін оның әрекетінен күдіктене бастаған. Көмек көрсету үшін мұқтаж отбасылармен кездестіру өтінішіне түрлі сылтау айтып, кейіннен байланысқа мүлдем шықпай қойған. Өзін алдап кеткенін түсінген зардап шегуші полицияға жүгінген».
Күдікті өз кінәсін мойындады. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2 бөлігі бойынша 10 эпизодпен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. 400 мың теңге көлемінде шығын келтірілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық