Нұр-сұлтан әкімдігі Аружан Саинның шағымына жауап берді
Балалар омбудсмені Аружан Саин елордадағы бос үйірмелер мен учаскелердегі орындарды бөлуде заң бұзушылықтар болғанын жазған. Нұр-Сұлтан әкімдігі белгілі бір жеткізушіге артықшылық беруге және ваучер таратуға мүмкіндігі жоқ екенін мәлімдеді.
Елорда әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жергілікті атқарушы органдар ұсынатын операторлар Мәдениет және спорт министрлігі бекіткен ережеге сай жобаны платформа арқылы жүзеге асыруда.
«Әкімдік ұсынған оператор нақты жеткізушіге артықшылық беріп, ваучерлерді тарата алмайды. Платформаның қағидаттары бойынша баланың заңды өкілі жеткізушілерді өз бетінше таңдайды» делінген елорда әкімшілігінің жауабында.
Қала әкімдігі Мәдениет және спорт министрлігіне барлық мәселелер бойынша арнайы хат жолдап, оларды жою жөнінде ұсыныстар бергенін мәлімдеді.
Елордада спорт үйірмелеріне тегін тартылатын балалардың саны бір мыңнан 17 мыңға дейін өскен.
Бұдан бұрын Аружан Саин елорда әкімдігі тегін үйірмелер мен секцияларды тарату жұмыстарында «таныстыққа» жол беретіндігін айтқан болатын. Сонымен қатар ол ата-аналардың таңдаулы тобы қысқа мерзімде Болмановтар мектебіне өтініш бергенін атап өткен. Аружан республиканың уәкілетті органдары тарапынан істің шынайылығын анықтауды сұраған болатын.
Жаңалықтар
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев Вице-Президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық
- Түрмеде отырған Мадуро қатты арықтап кеткен: Трамп Венесуэла мұнайын бөліске салып жатыр