Нұр-Сұлтан блогерлерге тур ұйымдастырады
Фото: intalent.pro
Блогерлер мен туристік ұйымдарға арналған тағы бір тур қазақстандықтарға 17 млн теңгеге түседі.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Блогерлерге, халықаралық қауымдастықтарға, жетекші шетелдік туроператорларға арналған шара «АстанаИнвест» ЖШС тапсырысы бойынша өтеді. Конкурсқа қатысуға өтінімдер мемлекеттік сатып алу сайтында қабылданды.
Барлығы төрт оқу туры болады, олардың әрқайсысына үш-алты адам қатысады. Қонақтар бес жұлдызды қонақүйлерге орналастырылады. Олар түскі және кешкі асты еуропалық және ұлттық тағамдар мейрамханаларында қабылдайды.
Жеткізуші қатысушылардың Нұр-Сұлтанға баруы мен кері қайтуын, тұруын, тамақтануын қамтамасыз етуі керек.

Әр тур үш күнге есептелген және туристік орындарға, құрметті қонақ үйлер мен қаланың көрікті жерлеріне баруды қамтиды.
Олардың қатарында:
- Назарбаев Университеті
- Қазмедиа Орталығы
- Ұлттық музей
- Бейбітшілік және Келісім сарайы
- Тәуелсіздік сарайы
- Спорт ғимараттары
- Hilton Astana қонақүйлері
- Ritz Carlton Astana
- St. Regis Astana
- Astana Marriott
- Sheraton Nur-Sultan
- Radisson Astana
- Park Inn by Radisson
- JCI аккредиттелген медициналық орталықтары кіреді.
«Қазақтың ұлттық мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, фольклорын, күнделікті тұрмысы мен ұлттық тағамдарын» көрсету мақсатында қонақтарға іс-шаралар мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылады.
Ал мұның бәрі шетелдіктердің астананың іскерлік туризм саласындағы әлеуетін білуі үшін қажет.
Авторы: Аделаида Ауеспекова
Аударған: Айнура Дарибаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық