Нүкістегі шерушілерге қарсы қауіпсіздік күштері газ бен түтін қолданған
Кадрдан скриншот
Расталмаған мәліметтерге сәйкес, митингіні тарату кезінде адамдар оқтан, түтіннен және жарылғыштардан зардап шекті, жараланғандар бар.
Қарақалпақстан жұртшылығы Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі «тәртіп қалпына келтірілді» деп хабарлағанынан кейін Нүкіс қаласында байланыс пен интернет өшіріліп, полиция жиналғандарды тарата бастағанын мәлімдеді. Интернетте Қарақалпақстан астанасының түнгі түсірілімі бар видео тарады, қараңғыда наразылық білдірушілердің айқайы естіледі, олар полицияның ескертуіне қарамастан, тарамай, акцияны жалғастырды.
Шерушілерге қарсы түтін шығарғыштар қолданылды. Олардың бірі наразылық танытқан адамға тиіп кетіп, оның қайтыс болғаны (әлеуметтік желіде марқұмның видеосы тарап жатыр) хабарланды. Бірнеше адамға резеңке оқ тисе, басқаларына көзден жас ағызатын газ қолданылған. Бұл туралы Қарақалпақстан телеграм каналдарының бірінде айтылды.
Кейбір мәліметтерге қарағанда, наразылық білдірушілердің көпшілігін полиция таратқан. Әзірге қамауға алынғандар туралы ақпарат жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық