Ән айтып танылған сылақшы қыз анасы туралы мәлімдеме жасады
Қызылорданың тумасы Гүлмайдан Серікбай алғаш рет өзінің ата-анасы туралы сөз қозғады. Оның айтуынша, анасын көлік қағып кеткен, ал әкесі ауылда қалып қойған.
«Менің өмірім» бағдарламасына берген сұхбатында Гүлмайдан отбасы жан-жаққа шашырап кеткені туралы айтты.
«Мен мектеп бітірген соң ауылдан қалаға көшіп кеттік. Біз қарапайым отбасымыз. Әкем мен анамның мінезі жараспады. Мен 18 жасқа толдым. Ағам астанаға жұмысқа кетті. Әкем ауылға мал бағуға кетіп қалды. Анам Алматыға кетті. Төртеуміз төрт жаққа кетіп қалдық. Мен туысымның үйінде тұрып жүрдім. Әй дейтін әже, қой дейтін қожа болған жоқ. Анаммен хабарласып тұрдым. Жолдасымды таныстырып, алдынан өттік. Ол орыс болғандықтан, той жасамадық» деді Гүлмайдан.
Гүлмайдан анасының бақилық болғанын естіп, күзеліске түскен. Анасын көлік қағып кеткен.
«Анаңды көлік қағып кетті деп хабар берді. Мен түк түсінбедім. Жыламадым да. Себебі, сенбедім. Өтірік секілді болды. Түс көріп жатқан секілді болдым. Ішімде 3 айлық бала бар еді. Ағам екеуміз Алматыға келіп, жаназасын шығардық. Мен тіпті дауыс шығарып жылай алмадым. Туыс әйелдер неге дауыс шығармайсың деп сөкті. Мен ішімнен тынып жыладым. Кейін қанша күн жылап жүрдім» дейді Гүлмайдан Серікбай.
Оның айтуынша, анасының өлімінен кейін араға төрт жыл салса да, оның орнын басатын адам жоқ.
«Анамды әлі күнге сағынамын. Қазалы оқиғадан кейін 4 жыл өтті. Анама кей сырларымды айтқым келеді. Анаңның орны ерекше. Ешкім анаң секілді бола алмайды. Тірі болғанда осылай болар еді деп өкінетін кездер жиі болады. Бірақ амал жоқ. Бәріміздің ажалымыз бар. Анамның ажалы осылай болып тұр. Соған көндік. Алланың жазуы деп қабылдадық» дейді әнші.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық