Ән айтып танылған құрылысшы қыздың жұлдызы жанды
Қазнетте дауысының арқасында танымал болған әнші-сылақшы Гүлмайдан Серікбай (Дана) жаңа жылдық шоудың түсіріліміне қатысты. Бұл туралы бойжеткен өзінің Instagram парақшасында айтты.
«Халық сүйіктісі» атанған күн. Сіздердей жүрегі мейірімге толы қолдаушыларымның себепкерлігімен осындай үлкен сахнаға шығып, ән айтып, халық әншісі деп те атандым. Ешқашан осылай үлкен телевизиялық сахнада ән айтамын деп ойламаппын. Аллаға сансыз шүкір маған осындай бақ бергеніне. Сіздерге рақмет мені қолдап жатқандарыңызға. Осы әдемі телевизиялық кешке арнайы қонақ етіп шақырған барша жанға алғысымды білдіремін» деп жазды Дана.
Дана Серікбай енді армандардың орындалатынына 100 пайыз сенімді екенін қосты.
Сахналық бейне Дананы керемет өзгерткен. Ол көрермендер алдына кешкі көйлекпен шықты.
Гүлмайдан Серікбайдың жаңа жылдық шоуға қатысуы туралы продюсер Жан Мұқанов Instagram желісіндегі парақшасында да айтқан.
«Интернеттің құдыреті. Үш күн бұрын желіде қыздың ән айтып, бір уақытта бөлмені сылап жатқаны түсірілген видео пайда болды. Оқырмандарым видеоны жаппай жекеме жібере бастады» деді Мұқанов.
Продюсердің айтуынша, ол еш ойланбастан оның байланыс нөмірін іздестіре бастаған.
«Жаңа жыл қарсаңында еліміздің өнер жұлдыздарымен бірге Дана есімді бойжеткен сахнада ән шырқайды! Толық нұсқасын 31 желтоқсанда 31 арнадан тамашалаңыздар! Осы талантты қолдаған, арманын қысқа мерзімде жүзеге асыруға - алғаш рет кәсіби сахнаға өтуге атсалысқан барша жандарға рахмет!» деп қосты ол.
Бұған дейін Гүлмайдан Серікбайдың Asia's Got Talent халықаралық байқауына қатысатыны белгілі болған. Байқауды ұйымдастырушылардың өздері әншіге хабарласып, оның кастингтен өткенін хабарлады.
Еске салсақ, жұмыс кезінде ән салған бейнебаян Қазнетте үлкен танымалдылыққа ие болған. Бойжеткеннің құрбысы Дананың Селин Дионның My Heart Will Go On танымал әнін шын жүректен орындап жатқан кезде түсіріп алған.
Гүлмайдан Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бестам ауылында дүниеге келген. Әнші Қорқыт Ата атындағы университетте жоғары музыкалық білім алған. Оның қазір төрт жасар ұлы бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық