Қоңқабаевтың WBA «алтын» белбеуі үшін Уордқа қарсы жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды
Алматыда MTK Kazakhstan компаниясының ұйымдастыруымен кәсіпқой бокс кеші аяқталды.
Кештің басты назарында Ұлыбританиядан келген Стивен Уорд (13-1, 4 КО) пен қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев (3-0, 3 КО) арасындағы бірінші ауыр салмақтағы WBA Gold атағы үшін жекпе-жегі болды.
Бастапқыда қарсыластар аса жоғары емес екпінді таңдады: Қоңқабаев ринг орталығын алып, қарсы шабуыл жасауды жөн көрген Уордты арқандарға қарай бұрды. Бесінші раундта қазақстандық бауырға жойқын соққы жасады. Содан кейін британдық жерге отырып қалды.
Жетінші раундта Уорд жарақат алып, жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Нәтижесінде төрешілердің жазбаларына жүгінуге тура келді. Онда бір ауыздан шешіммен Қоңқабаев жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұл Қоңқабаевтың Токиодағы 2020 жылғы Олимпиададан кейін бұл бірінші жекпе-жегі. Қазір Қонқабаевта төрт жекпе-жекте төрт жеңіс бар. Уорд мансабындағы бұл екінші жеңіліс болды. Ол 13 жекпе-жекте жеңіске жеткен болатын.
Бұған дейін басты жекпе-жекте қазақстандық Сұлтан Заурбек (12-0, 8 КО) алтыншы раундта британдық Райан Уилерді (16-2-1) нокаутқа түсіріп, екінші жартылай жеңіл салмақта WBO European белбеуін қорғаған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық