Мысырда Қазақстан азаматтары жаппай ұсталып жатыр
Фото: Бейнеден кадр
Мысырдың құқық қорғау органдарының қызметкерлері шетелдік азаматтарды жаппай ұстап жатыр. Олардың арасында студенттер де бар, деп хабарлайды Orda.kz.
Жергілікті тұрғындардың мәліметінше, полиция Қазақстан, Өзбекстан және Ресейден келген отбасыларды бірнеше аптадан бері үйлерінен және көшеден күшпен алып кетіп жатқан көрінеді.
Сонымен қатар құқық қорғау органдарының өкілдері оқу орындарында күзет орнатқан. Студенттер елде заңды түрде жүргеніне қарамастан, оларды да ұстап жатыр.
«Мені намазға барғанда ұстады. Университетте оқитынымды көрсеттім. Бірақ бәрібір алып кетті. Олар тамақ, су бермей, тіпті дәретханаға жібермей қинады», — деді депортацияланған студенттердің бірі.
Египеттегі Өзбекстан елшілігі соңғы уақытта жергілікті құқық қорғау органдары шетелдіктердің, соның ішінде оқуға келгендердің Египетте тұруының заңдылығын белсенді түрде тексеріп жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, ведомство 13 мамырда Өзбекстанның бес азаматы ұсталғанын айтты.
Еске салайық, алдағы уақытта Парижде алғаш рет қазақ-қырғыз айтысы өтеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық