Мүрдесін балалары тапты: Түркістанда әйелін өлтіріп асылып қалған ер адам жайлы тың дерек шықты
Марқұмның суретін жақындары жіберді
Түркістан облысы Сайрам ауданында жан шошырлық оқиға болды. Күйеуі әйелін балғамен ұрып өлтірген соң, өзі асылып өлді. Марқұмдардың артында төрт баласы қалды.
Orda.kz тілшісі істің мән-жайын анықтау үшін сол ауылға барып, жақындарынан сұхбат алды.
Түркістан облысында қызғанышқа булыққан күйеуі әйелін балғамен өлтірді. Он төрт жыл отасқан жұбайын аямай өлтірген Қарамұрт ауылының тұрғыны қанды қылмыстан соң, өзі де бақилық болған. Сұмдығы сол ата-анасының қанға боялған жансыз денесін таңертең мектепке жиналған балалары көріпті. Бір түнде жетім қалған 4 перзент қазір балалар үйінде.
Сайрам ауданындағы қанды қылмыс болған шаңыраққа тілшіміз барып қайтты. Бір сәтте қызы мен күйеу баласынан айрылған Мырқадиевтер отбасы үш күннен бері қайғыдан қан жұтып отыр. Таңертең мектепке жиналған 13 жастағы қыз үйден шыға бере анасының қан-жоса болған денесін көрген. Шыңғырып жіберген оның дауысын көршілері естіп, келген екен.
«Басы осы жағы (көрсетіп) қан-қан. Балта ма, бірдеңемен не қылған. Немен ұрғанын білмедік. Кейін тексергенде балғаны тауып алдық. Басынан балғамен ұрған екен. Балғамен ұрып жарған. Күйеуінің өзі дәретханада асылып тұр екен», — деді марқұмның ағасы Мырзакерім Мырқадиев.
Беті ғана емес денесінің сау тамтығы қалмаған келіншек аулада іш киімімен ғана жатқан. Қара жамылған отбасы 45 жастағы әйелдің денесін жууға кіргенде танымай қалғандарын айтты.
«Шаштары жұлынған. Қанмен бірге қатып қалған. Басы қоқыспен, шөппен бірге қатып қалған. Арқасының барлығына құм денесіне кіріп кеткен. Отырғызып, тазалап жуайын деген кезде қолыма шағал құмдар батты. Жудық. Қайта-қайта жудық. Беттерін айтпай-ақ қояйын. Адам танымайды. Денесінің сау жері жоқ. Сүйреген кезде барлық жағын сыдырып кеткен», — деді марқұмның әпкесі Мухаббат Мырқадиев.
Туыстарының сөзінше жанжалдан басталып, өліммен аяқталған жағдай түнгі бірлер шамасында болған. Анасының мәйітін таңғы алтыда көрген үйдің тұңғышы дереу көмекке шақырып әкесін іздеген. Өкініштісі сол, телефон дауысы дәретханадан шығып, ол жақтан екінші мәйітті көреді. Марқұм соңғы сөзін үнтаспа күйінде қалдырыпты.
«Онда: «Мен өз әйеліме қол жұмсадым. Себебі зина көбейіп кетті деді. Маған да айтты біреулер мына: «машинада қарындасың жүр» деп айтты. Содан кейін мен сондай істедім деді. Қызғаныштан болып жатыр ғой. Нақты өзі ұстап алғанын білмеймін», — деді марқұмның ағасы Мырзарақым Мырқадиев.
Ділнара Мырқадиеваның туыстары күйеу баланың сөзін дәлелсіз қауесетке балайды. Қазір бұл жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, жергілікті тұрғын үйде жұбайына дене жарақатын салған. Салдарынын ол қайтыс болған. Осы оқиғадан соң ер адам қылмыстың себептерін сипаттаған аудиожазба қалдырып, өзін-өзі өлтірген», — деп мәлімдеді Түркістан облыстық полиция басқармасы.
Ерлі-зайыптының артында бір қыз, үш ұлы қалды. Тұңғышы 13 жаста болса, кенжесі 3,5 жасар бала. Біреуінің мүмкіндігі шектеулі. Қара жамылған отбасы марқұм күйеу баланың тұрақты жұмысы болмағанын, ал оның әйелі бала күтімімен үйде отырғанын айтады.
Еске сала кетсек, Түркістан облысы Сайрам ауданында төрт баланың әкесі әйелін балғамен өлтіріп, артынша өзі де асылып қалғаны жайлы жазған болатынбыз.
Автор: Назерке Еркінбекқызы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық