Мүмкіндігі шектеулі баланың құқығын бұзған әуе компаниясына айыппұл салынды
Астанада мүмкіндігі шектеулі баланың құқығын бұзған әуе компаниясына айыппұл салынды, деп хабарлады Orda.kz.
Бас көлік прокуратурасының мәліметінше оқиға өткен жылдың 3 қарашасында болған. Санкт-Петербордан ұшатын ұшақ жерге қонғаннан кейін балаға мүгедектер арбасын бермеген. Ұзақ күткеннен кейін әкесі баланы ұшақтан өзі алып шыққан.
«Әуе компаниясы кәмелетке толмаған мүмкіндігі шектеулі жолаушыға дұрыс қызмет көрсете алмады. Қызметтің уақтылы көрсетілмеуіне авиакомпания қызметкерлерінің мүгедектер арбасының қажеттілігі туралы қате хабарламасы себеп болды» деп жазылған хабарламада.
Прокуратураның хабарламасына сәйкес, әуе компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік кодекстің 571-бабына сәйкес, халықаралық тасымалдау ережелерін бұзу 50 АЕК – 196 мың теңге көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады. Қадағалау органы қай авиакомпанияның бұзушылыққа жол бергенін нақтыламады.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды