Мүгедек баласы бар ата-аналар ерте зейнетке шығуы мүмкін
Фото: freepik.com
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мүгедек баласы бар ата-аналар ерте зейнетке шығуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Сонымен қатар ерекше қажеттілігі бар балаларды оқыту үшін мектепте жұмыс істейтін арнайы көмекші мамандар дайындалады.
Ерекше балалар мәселесі Үкіметте талқыланды. Денсаулық сақтау министрінің дерегінше, соңғы үш жылда мүгедектігі бар бала саны 11 пайызға артқан. Әсіресе, 7-18 жастағы жеткіншектер арасында жүйке жүйесі аурулары көбейген.
«Негізі өсім себептерінің бірі ерте диагностикалық әдістердің қайта қаралуы. 2021 жылдан бастап аутизмге байланысты жаңа скрингтер енгізілді. Сонымен қатар, әлі де проблемалар бар. Бұл туа біткен ауытқулардың әлі де жоғары болуына байланысты», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.
Енді мүмкіндігі шектеулі балалар үшін мектепте «жеке көмекші» жұмыс істейді. Ол үшін келесі жылдан бастап колледждер 3,5 мың педагог көмекшісін даярлайды. Ал мұндай мамандар бүгінде Алматы, Астана және Шымкент қалаларында тапшы. Бұдан бөлек, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған 203 мың ата-ана үшін де түрлі жеңілдіктер жасалмақ. Олар зейнетке ерте шығуы мүмкін.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық