«Мүфтиге жарымадық»: Нұр-Мүбарак университетінің проректоры неге ауысты?
Коллаж Orda.kz
Бас мүфтидің ұсынысымен Нұр-Мүбарак ислам мәдениеті университетіне жаңа проректор тағайындалды. Бұл мәселеде бұрынғы проректор Қайрат Құрманбаев «жаңа ғимарат салу атағын өз аттарына алу үшін» жасады деп, наразы болған жазба жариялады.
Orda.kz жаңа проректордың сайлануы жайлы дауды саралап көрді.
Кеше Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Нұр-Мүбарак ислам мәдениеті университеті Қамқоршылар кеңесінің кезекті тоғызыншы отырысы өтті. Kazislam.kz сайтында отырыста Бас мүфти Нұр-Мүбарак университетінің проректорының орнына Ершат Оңғаровты сайлауды ұсынғаны жазылыпты. Еске салсақ, бұған дейін Ершат Оңғаров мүфтидің орынбасары қызметін атқарған.
«Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Діни басқарма Нұр-Мүбарак университетінің құрылтайшысы ретінде Қамқоршылар кеңесіне Қазақстан тарапынан Нұр-Мүбарак университетінің проректоры лауазымына бұған дейін ҚМДБ Төраға орынбасары, наиб мүфти қызметін атқарған исламтанушы-ғалым, PhD доктор Ершат Ағыбайұлын ұсынып, Қамқоршылар Кеңесі мүшелерінен қолдау сұрады. Кеңеске қатысушылар бұл ұсынысты оң дауыс беру арқылы қолдап, Ершат Ағыбайұлы 2024-2028 жылдар аралығы мерзімге Нұр-Мүбарак университетінің проректоры болып тағайындалды» деп жазады Kazislam.kz.
Бұл шешімге осы қызметті 6 жыл істеген, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар Кеңесінің мүшесі Қайрат Құрманбаев наразы болып отыр. Ол өзінің Facebook парақшасында жазба қалдырған болатын. Қазір оны қайта өшіріп тастапты.

Қайрат Құрманбаев рухани басқармадағы ішкі ахуалға қатысты сыни пікірін білдіріп, ұзақ жылдар бойы шешілмеген мәселелер мен әділетсіздіктер жайлы айтқан еді.

Оның айтуынша, алғашқы жұмыс күнінен-ақ ол қазіргі мүфтилердің құрылымдық өзгерістерге қолдау көрсетпейтіндігі мен қысымына тап болған. Оқу корпустары мен жатақханала жетіспеушілігі, қаржылық қиындықтар ұжыммен шешіліп келгенімен бұл мәселе басшылық назарынан тыс қалған.
«Алғаш жұмысқа келген күннен “көкеміз” болмаған соң ба, бірін-бірі атуға оқ таппай жүрген мүфтисымақтардың қысымына әрең шыдап, іштей тынған едік. Енді “мүфтиге жарыдық па?” дегенде, жылдар бойы істеген жұмысымызды “менің атымнан жасамадың”, яғни “жағымпазданбадың” деп шаршатса да, “діннің абыройы” деп артын жабумен келген муфти (ат) аты бар да, заты жоқ құрылтайшылығын халықаралық жарғыға қарамай, “оңтайлы” пайдаланып жатыр. (Жарғыны кейін салармын)», — деді Қайрат Құрманбаев.
Жарғыны саламын деген Қайрат Құрманбаев осы жазбаны да өшіріп тастады. Ол жазбасында Нұр-Мүбарак университетінің жаңа оқу ғимаратына еңбегі сіңгенін, бірақ, оны көре алмай жұмысын тоқтатып тастағанын айтты. Оның сөзінше, өз орынбасарын сайлаған мүфтият осы ғимаратты салды деген атақ иеленбекші.
«Түн демей, күн демей, жоқтан бар жасап, салып жатқан жаңа оқу ғимаратына көмек сұрап жүз барсақ та, опасыздармен ауызжаласып, керісінше, атқарып жатқан жұмысымызды көреалмаушылықтан көздері байланып, бір жыл (2022-2023 жж) тоқтатқан да осылар! Қарқынды жүріп жатқан құрылысты қарадай қызғанып, өзінің емес, “басқа біреудің қолымен бітетін болды” деп жаны шығып, ақыры дегеніне жетті. Енді міне “дайын асқа тік қасық” боп өздері келмекші» деп жазды Құрманбаев.
Ол сондай-ақ мүфтиді қорғау үшін көп адаммен жауласқанын да атап өтті. Құрманбаев соңында мұндай басшылардың әсері жойылмайынша, діни білімнің дамуы екіталай екенін айтты.
«Нұр-Мүбарак университетін абыройдан жұрдай мүфтидің және мүфтияттың ықпалынан құтқармай дін ғылымы көгермейді» деп Қайрат Құрманбаев жазбасын аяқтады.
Orda.kz осы мәселе бойынша ҚМДБ-дан жауап күтеді.
Еске сала кетсек, қазіргі таңда «ҚМДБ» бірлестігіне осы Нұр-Мүбарак университеті мен 9 медресе-колледж қарайды. Ресми деректерде, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті – зайырлы мемлекет талаптарына жауап беретін, дін саласында білікті кадрларды даярлайтын жоғары оқу орны деп айталады. Осы оқу орнынан шыққан түлектердің басым бөлігі университеттерде, медресе-колледждерде ұстаз болып, мешіттерде наиб имам ретінде, өңірлік Дін істері басқармаларының Дін мәселелерін зерттеу орталықтарында инспектор және теолог болып қызмет етіп жүр.
Жаңалықтар
- Мәскеу соты Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласына халықаралық іздеу жариялады
- Бибісара Асаубаева Спорт министрлігінің жауабына наразы болып, Тоқаевтың бағытын еске салды
- «Бұл – отбасылық мәселе»: Министрлік сәбиін қолына ұстап курьер болып жүрген анаға қатысты пікір білдіруден бас тартты
- Бір палаталы парламентке көшу: Тоқаев екі маңызды заңға қол қойды
- Әскерде сарбаздарға психологиялық бейімделуге екі апта уақыт беріледі
- Үйіндегі шкафта есірткі өсірген балшы ұсталды
- Италияда қазақстандық студенттің мәйіті табылды
- Қазақстанда Ауғанстанға көмек көрсететін БҰҰ өңірлік орталығы ашылады
- ҚазТАГ агенттігі басшыларына қатысты сот процесі неге кейінге шегерілді?
- Қазнет іздеген курьер-ана табылды
- АҚШ шабуылынан кейін: Иран Иордания, Кувейт және Бахрейндегі америкалық базаларға соққы жасады
- Қазақстандықтарға банк қосымшалары арқылы салық органдарынан хабарлама келуі мүмкін
- Үш ел Израиль-Палестина бейбітшілігін қолдауға арналған арнайы қор құрды
- Қытайдың оңтүстігінде болған жарылыс салдарынан 7 адам қаза тапты
- АҚШ Иран аумағындағы нысандарға жаңа соққылар жасай бастады
- Шахматшы Бибісараға қатысты дауға министрлік жауап берді
- Тоқаев АҚШ президентінің арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады
- Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева президенттен көмек сұрады
- Парсы шығанағы елдері Иранның Иордания, Кувейт және Бахрейнге жасаған шабуылдарын айыптады
- Қарасай ауданы сусыз қалды: Тұрғындар жылда қайталанатын мәселе әбден мезі қылғанын айтты