Мусин Астанадағы «мақталған» терминалдарды тексерді
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин елордадағы халыққа қызмет көрсету орталығында болып, өткен айда орнатылған жаңа «құжаттау терминалдарын» көрді.
«Астанадағы Керей Жәнібек Хандар көшесінде орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығында болдым, онда жеке куәлік пен төлқұжат беретін терминалдардың жұмысын тексердім» деп жазды Мусин өзінің Telegram-арнасында.
Министрдің айтуынша, кейбір аймақтарды қоспағанда, құрылғылар «толықтай жұмыс істеп тұр».
«Терминал қызметін әр өңірден келген адамдар пайдалана алады, алайда бұл қызмет Алматы, Қарағанды, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары үшін әлі қолжетімді емес. Бірақ бұл мәселе бір айдың ішінде түзетіледі. Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, тиісті жұмыстарды жүргізіп жатырмыз.
Сондай-ақ, жақын арада мұндай терминалдар барлық облыстық халыққа қызмет көрсету орталықтарында пайда болады, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-ның алдына қойған міндеті осы» деп уәде берді Бағдат Мусин.
Мемлекеттік орган шенеуніктерінің айтуынша, құжат беру жұмысы 10 минуттан аспайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық