Мусин қазақстандықтардың наразылығына жауап берді
Фото: primeminister.kz
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанда мемлекеттік қызметтер көрсетудің жаңа цифрлық платформасын енгізу жоспарланғанын түсіндірді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
– Әлеуметтік желілерде туындаған сұрақтарға барынша бір пост арқылы түсініктеме беріп, ақпарат тапшылығына және бұрын айтылған ақпараттың дұрыс түсіндірілмеуіне байланысты пайда болған көзқарастардың басын ашқым келеді, - деп жазды Бағдат Мусин өзінің Instagram парақшасында.
Сондай-ақ, министр: «Қазақстандықтардың барлық деректері Ресейге қолжетімді болады» деген орынсыз пікірге түсініктеме берді.
– Неліктен? Қазақстанда тәуелсіздік алғалы бері шетелдік құрылымдарда жұмыс істейтін көптеген мекемелер бар, десе де олардың бәрі біздің мәліметтерді ала алады деген сөз емес.
Электрондық үкіметке келетін болсақ, бұл жерде біреу біреуге ақпарат береді деген сұрақтың туындамауы да керек. Жалпы, «eGov.kz» не екенін қысқаша түсіндірейін.eGov - бұл барлық мемлекеттік базалармен құрсым арқылы қосылған «витрина» ғана. Бұл базаларға немесе жүйелерге ешкім ешқашан қол жеткізе алмайды! Өткен айда басталған талдау қазақстандық мемлекеттік секторда 400 + ақпараттық жүйе бар екенін көрсетті. Бұл мемлекеттік жылжымайтын мүлік базасы сияқты ірі базалардан бастап, олимпиада жүлдегерлері тіркелген шағын базаларға дейін, - деп қосты Мусин.
Қазақстанның Цифрлық даму министрі жаңа жүйе түрлі технологияларда жазылған, әр түрлі сападағы жүздеген жүйенің орнына барлық мәліметтерді бір платформада ұйымдастырып, оны түсінікті ететінін айтты.
Бірыңғай платформа не береді?
– Қазір eGov-ты миллиондаған ескі құрылғылармен салыстыруға болады, олардың орнына біз сапалы заманауи технологиямен жабдықталған платформаны орнатқымыз келеді. Біз халық үшін де, экономика үшін де барынша оң нәтиже алу мақсатында цифрландырудың «құрақталған» моделінен тұтас платформалық моделіне өтетін кез келді.
IT саласындағы кез келген шешім, әсіресе халықаралық шешім кибер қалқан мен азаматтардың мүдделерін қорғау жөніндегі уәкілетті органдардың ұсынымын ескере отырып қабылданады. Біз Қазақстан тарапы бағдарламалық қамтамасыз ету мен техникалық қолдауды талап ететін вендор сияқты болуы керек деген талап қойып отырмыз. СБЕР барлық қолжетімділікті бере отырып, барлық компоненттердің бастапқы кодтарын көрсетеді және барлығын Қазақстандағы серверлерге орналастырады деп келістік, - деді ол.
Еске салсақ, 3 қыркүйекте ҚР премьер-министрі Асқар Мамин мен Ресей Сбербанкінің басқарма төрағасы Герман Греф Қазақстан Республикасының цифрлық трансформациясы бойынша жобаларды жүзеге асыру, платформалық модельге көшу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін Sber компаниялар тобы әзірлеген жаңа цифрлық платформа енгізіледі деп болжануда. Оның құны 500 млн доллар болмақ.
Жаңалықтар
- Канье Уэсттің концерті 15 тамызға ауыстырылды
- Қазақстандағы электр желісіндегі ақауға не себеп болды? KEGOC жауабы
- Шымкентте экс-күйеуі әйелдің бетіне қышқыл шашып, күйдіріп тастады: Оқиғаның мән-жайы
- «Баланың басынан таяқпен ұрған»: Бейімдеу орталығының маманы балаларға қатыгездік көрсеткен
- Ана мен бала өлімі азайды: Қазақстан медицинасының жаңа көрсеткіштері
- 20 адам зардап шегіп, 45 млн теңгеден астам шығын келтірген алаяқ әйел сотталды
- Павлодар облысының тұрғыны полиция бөлімінде жұмбақ жағдайда қайтыс болды
- Отбасын қолдау орталығының заңгері әйеліне тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған
- Оралда септикке құлаған 8 жастағы қыз көз жұмды
- Астанада автобус самокат мінген жасөспірімді қағып кетті
- Садыр Жапаров екінші президенттік мерзімге сайлауға түсу жоспарын жариялады
- Алматыда бір тәулікте 2 мыңнан астам жол ережесін бұзу фактісі анықталды
- «Дайвинчик»: Танысуға арналған танымал Telegram-ботына сот арқылы тыйым салынды
- Колумбиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 280-нен асты
- Ауғанстанда 2,4 миллион қыз орта білім ала алмай отыр
- Ақтөбеде мұғалім әйел алаяқтық күдігімен ұсталды
- Күннің тұтылуын тамашалаған Германия халқы көз ауруына шағымданды
- Қазақстанда 276 мыңнан астам вейп тәркіленді
- Тәшиев 2027 жылы президент болуы мүмкін еді: Жапаров өз жоспарын ашып айтты
- Дастан Сәтбаевтың бейнесі АПЛ-дың ресми сайтына қосылды: Ол «Челсиде» қала ма?