Мұрат Нұртілеу Президент Әкімшілігінің басшысы болып қайта тағайындалды
Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Нұртілеуді Президент Әкімшілігінің басшысы қызметіне қайта тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.
«Нұртілеу Мұрат Әбуғалиұлы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын» делінген ҚР Президентінің Жарлығында.
Мұрат Нұртілеу бұл қызметке 2022 жылдың ақпан айында тағайындалған болатын.
Мұрат Нұртілеу 1976 жылы Алматыда дүниеге келген.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетін бітірген (1998 жж).
1998-1999 жылдары Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік хаттама қызметінің көмекшісі, атташесі болды.
1999-2003 жылдары Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігінде атташе болды.
2003-2004 жылдары - Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің 2-хатшысы.
2004-2006 жылдары - Сыртқы істер министрінің кеңесшісі.
2007 жылы - Сыртқы істер министрінің хатшылығының меңгерушісі.
Сонымен қатар, 2007 жылы Парламент Сенаты Аппараты жетекшісінің орынбасары қызметін атқарған.
2007-2011 жылдары - Парламент Сенаты Аппаратының жетекшісі.
2011 жылы - Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.
Сондай-ақ 2011 жылы - Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің директоры.
2011-2014 жылдары Женевадағы (Швейцария Конфедерациясы) Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілдігінде кеңесші өкіл болды.
2014-2016 жылдары - Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары.
2016-2019 жылдары - Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, бір мезгілде Қазақстан Республикасының Эстониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
2019 жылдың наурызынан 2022 жылдың қаңтарына дейін Президенттің көмекшісі қызметін атқарды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық