Мұрат Әбенов Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі болды
Мұрат Әбенов Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың пациенттердің құқықтарын қоғамдық негізде қорғау мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі болды.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың белгілі қоғам қайраткері, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, тұтынушылардың құқықтарын қорғау коалициясының төрағасы Мұрат Әбеновпен кездесуінде белгілі болды.
«Кездесуде М.Әбенов МӘМС-тің ақшасы қайда кетіп жатыр деген сұрақ туындамас үшін науқастарға шығарылғаннан кейін көрсетілген қызметтер мен олардың құны көрсетілген тексеру парағын шығаруды ұсынды. Ажар Ғиният Мұрат Әбеновке медициналық көмектің сапасын жақсарту ісіндегі белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғысын білдіріп, пациенттердің құқықтарын қоғамдық негізде қорғау мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесші болуды ұсынды. Мұрат Әбенов өз кезегінде денсаулық сақтау министрлігі көрсетіп отырған ашықтық пен айқындық саясатын атап өтіп, медициналық көмек тұтынушыларының қанағаттанушылығын арттыру үшін бар күшін салатынына сендірді» делінген министрлік хабарламасында.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық