«Мұндайды оқу өте ауыр»: Ғимараттан құлаған қыздың әкесі мәлімдеме жасады
Фото: Евгений Мұхамеджанов / Facebook
Алматыда 16 қыркүйек күні Есенберлин атындағы №25 мектептің жетінші сынып оқушылары М.Айша мен Д.София сабақтан шығып, бөтен үйдің шатырына шығып, екеуі бірдей шатырдан секірген еді. Осы қайғылы оқиға жайлы Айшаның әкесі, белгілі эколог Евгений Мұхамеджанов мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол өз жазбасында қолдау көрсеткен жанашыр адамдарға алғысын айтты.
«Бізге шынайы қолдау көрсеткендердің бәріне ризалығымды білдіремін. Періштемнің жақсырақ әлемге, арғы өмірге аттанғанына бір апта болды. Әзірге миым бұл жағдайды толық қабылдаудан бас тартады. Мен өзімді жұмыспен алдарқатуға тырысып жүрмін. Бірақ оңай болып жатқан жоқ. Тергеу органдарына үлкен үміт артып отырмыз. Біздің резонанс арқылы басқа істерді де егжей-тегжейі ашылуына мүмкіндік бар» деп жазды Евгений Мухамеджанов Facebook парақшасында.
Сонымен қатар, ол қайғылы оқиғаға байланысты пайда болған көп фактілер мен сыбыстар жайлы да сөз қозғады.
«Полицияның жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескерткеніне ризамын. Қаншама адам орынсыз, кейде тіпті жиіркенішті нәрселерді жазып жатады. Ең сорақысы, бұған БАҚ-тың да қосыла кетуі болып тұр. Мұндайды оқу өте ауыр тиеді» деп атап өтті ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық