«Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
Коллаж: Orda.kz
Алматыда ерекше балаларға арналған «Феникс» жекеменшік орталығына қатысты шу күшейіп барады. Бірнеше ата-ана жаттықтырушылар тәрбиеленушілерге күш көрсетілгенін айтып, құқық қорғау органдарына жүгінген. Orda.kz тілшісі оқиғаның мән-жайын анықтады.
Мәселе қоғам назарына блогер Перизат жариялаған жазбадан кейін ілікті. Оның айтуынша, ата-аналар орталықтағы бейнежазбаларды көріп, балаларға дөрекі қарым-қатынас жасалғанын байқаған. Кей кадрларда жаттықтырушының балаларды итеріп, ұрып-соққаны байқалады.
«Сабақ басталған сәттен бастап тиісіп, әдейі құлатқан. Жүгіру жолағында қайта-қайта сүріндіріп, аяғынан ұрған. Басынан да соққы болды», — дейді жәбір көрген баланың анасы Бақыт.
Ата-аналардың сөзінше, бұл орталыққа баратын балалардың көбі сөйлемейді немесе өз ойын толық жеткізе алмайды. Сондықтан олар бастан өткерген жағдайды өздері айтып бере алмайды. Көпшілігі болған жайтты тек мінез-құлқындағы өзгерістер арқылы білдіреді.
Перизаттың айтуынша, көрсетілген бейнежазбаларды көрген кей әкелер көз жасына ерік берген.
«Тіпті полицейлердің өзі орнынан тұрып кеткен, мұндай қатыгездікті көру ауыр болды», — дейді Перизат.
Сөздерінше, видеоларда балаларды жерге жығып, басымен еденге ұрған сәттер бар. Бейнекадрларды олар өз көздерімен көргенін айтады. Алайда түсіруге рұқсат берілмеген. Қатты дискіні полиция тәркілеп әкетті.
Сондықтан ата-аналар шындықты бейнебақылау жазбалары арқылы ғана білгенін айтады. Алайда кейбір видеолар толық көрсетілмеген көрінеді.
Мамандардың біліктілігі де күмән тудырады. Кей ата-аналар орталықтағы жаттықтырушылардың арнайы педагогикалық немесе дефектологиялық білімі жоқ екені белгілі болды. Қысқа курстан ғана өтіп, сертификатпен ерекше балалармен жұмыс істеуге рұқсат берілгені туралы да сөз бар.
Сондай-ақ ата-аналардың айтуынша, жаттықтырушы балалардың қатысуымен TikTok-та тікелей эфир өткізген. Бұның бәрі ата-аналардың келісімінсіз жасалған. Әлеуметтік желідегі жазбаларда оның кейбір тәрбиеленушілерді мазақ етіп, «мумия» деп келемеждегені де белгілі болды.


Қоғамдық резонанстан кейін жаттықтырушы парақшасын жауып тастады.
Редакция «Феникс» түзету орталығымен байланысып, ресми түсініктеме алуға тырысты. Алайда жарияланым дайындалып жатқан сәтте орталық тарапынан жауап болмады. Жанжалдан кейін орталықтың Instagram желісіндегі ресми парақшаларын жауып тастады. Қазір олардың аккаунттары көпшілікке қолжетімсіз.
Ресми органдар не дейді?
Балалардың құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева бұл жағдай бақылауға алынғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, мекемеде тексеріс жүріп жатыр, жиналған материалдар құқық қорғау органдарына берілген.

Ал Алматы қалалық полиция департаменті қылмыстық іс тіркелгенін растады. Тергеушілер бейнебақылау жазбаларын қарап, ата-аналар мен қызметкерлерден жауап алып жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Іс департамент басшылығының ерекше бақылауында.
Еске сала кетейік, Қазақстанда аутизммен ауыратын балалардың саны артып келеді. Халықаралық деректерге сүйенсек, әрбір 36-шы бала осындай ерекшелікпен дүниеге келеді. Көптеген ата-аналар баласының көзге тік қарамайтынын, атын атап шақырғанда жауап бермегенін немесе сөйлемегенін байқап, алаңдай бастайды.
Алайда диагнозды кеш қою мен үнемі қолдаудың жоқтығы талайды тығырыққа тіреп келеді. Orda.kz еліміздегі инклюзия жүйесі жайлы және ерекше баласы бар ата-аналардың күнделікті көретін азабы жайлы саралап көрді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық