Мультимиллионер ақша үнемдеу үшін мысық консервісін жейді
Байлығы шамамен 5,3 миллион доллар болатын Американың Лас-Вегас қаласының тұрғыны өмір сүру бағытында бәрін үнемдейтінін, тіпті осы мақсатта қажет деп тапса - мысықтың консервілерін жейтінін жариялады.
50 жастағы Эми Элизабет өзін әлемдегі ең үнемді мультимиллионер деп санайды. Ол ақшаны үнемдеудің ең күрделі әдістерін қолданады. Ол айына мың доллардан артық ақша жұмсамауға тырысады. Мысалы ол су жылытқыштағы су 22 минут ішінде жылитынын біледі, сондықтан осы уақыт өткен соң оны өшіріп, душ қабылдағанға дейін таймерге қосады.
Сонымен қатар ол жаңа ештеңе сатып алмайды. Тіпті ыдыс жуатын шүберектерді ыдырап, шіріп кеткенше қолданады. Суды ысырап етпеу үшін ешқашан жуып-шаймайтын бір ғана пышақ қолданады. Элизабет үйді де бұрынғы күйеуінен мұраға алған.
Егер Элизабет айдың аяғында бюджетке сәйкес келмейтінін түсінсе, мысықтарға арналып жасалған ең арзан консервілерді сатып алып жейді. Лос-Анджелестегі тұрақты іс-сапарларына әуе билеттерін үнемдеу үшін өз көлігімен барады.
«Көпшілік менің әрекетімді көріп шошып жатады. Бірақ маған бәрібір. Бұл ақша үнемдеу», - дейді мультимиллионер.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық