Мұхтар Мағауиннің АҚШ-тағы үйі қазақ тарихын шет елде насихаттауға арналмақ
Фото: Бейнежазбадан кадр
Мұхтар Мағауиннің Силвер-Спринг қаласындағы үйі алдағы 3 жылда рухани орталыққа айналмақ, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл бастаманы жазушының туған күніне орай ұйымдастырылған жиында оның ұлы Едіге Мағауин жариялады.
Qazaqstan телеарнасының мәліметінше жазушының мұрасын дәріптеу мақсатында құрылатын орталық қазақ мәдениеті мен тарихын шет елде насихаттауға бағытталады.
«Бұл жер болашақта қазақтардың бас қосатын, тамырын танитын, болашағын меңзейтін мәдени-ағарту орталығы болуы керек. Қазақ тілі курстарын ұйымдастыру, түрлі мәдени шаралар өткізу жоспарда бар. Әкемнің жаны сүйген бұл үй енді қазақ руханиятының орталығы ретінде қызмет етеді деп сенемін», – деді қаламгердің ұлы Едіге Мағауин.
Орталықта Мұхтар Мағауиннің жазбалары, күнделіктері, жеке кітапханасында сақталған мұрағаттары жұртшылыққа қолжетімді болады.
Жоба аясында:
Қазақ тілі курстары,
Әдеби кештер мен конференциялар,
Тарихи-мәдени зерттеулер,
Қазақ өнері мен дәстүрін дәріптейтін шаралар ұйымдастырылмақ.
Қазақтың көрнекті жазушысы, ұлт тарихын түгендеуші ғалым Мұхтар Мағауин 2 ақпанда 85 жасқа толар еді. Осы күнге орай марқұмның Америкадағы шаңырағында ұлы қаламгерді еске алу шарасы өтті. Мағауиндер әулеті жазушының тоғыз жыл тұрған үйін, оның 65 жылдық шығармашылық қызметін көрсететін мұражайға айналдырмақ.
Әдебиет зерттеушісін еске алу шарасына АҚШ-тың алыс-жақын штаттарымен қатар Қазақстаннан да оқырмандары және дипломаттар мен диаспора өкілдері келді. Жазушының шығармашылыққа толық соңғы тоғыз жылы осы кабинетте, мына үстел басында өтті. Ұлы Едіге Мағауин заңғар тұлғаның шығармашылығына қатысты тың да қызықты деректермен бөлісті. Ең маңызды жәдігер қаламгердің 23 жасынан бергі серігі болған мына машинка. «Шыңғыс хан», «Алтын Орда» секілді сүбелі туындыларын осы машинкада өзі қолымен басып шыққан.
Жазушы өмірлік миссиясын анық білген адам. 65 жылдық шығармашылық ғұмырында жазған және жазуы тиіс дүниелерін 25 жасында жоспарлап, алтын дәптеріне енгізіп қойған. Едіге Мағауин сондай ақ әкесінің төрт кезеңнен тұратын көркем шығармаларды жазу тәсілін де көрсетті.
Вашингтон маңындағы Күмісбұлақ деген жердегі бұл үйде жазушының өмір бойы жинаған кемі 4,5 мың дана болатын кітап қоры мен бүкіл мұрағаты сақталған. Сондықтан ұрпақтары осы шаңырақты Мағауин мәдени ағарту орталығына айналдыруды жоспарлап отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық