Мұхтар Әбіләзов Франциядағы саяси баспанасынан айырылды
Қашқын олигарх Мұхтар Әбіләзов Францияда саяси эмигрант мәртебесінен айырылды. Француз билігінің шешімі туралы толығырақ Orda.kz сайтынан оқыңыз.
Бірқатар елдерде қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталған бұрынғы қазақстандық банкир Мұхтар Әбіләзовке Босқындар құқықтары жөніндегі ұлттық соттың (CNDA) шешімімен 2020 жылы Франциядан саяси баспана берілді. Алайда, 2021 жылы Францияның Мемлекеттік кеңесі бұл шешімді өзгертті. Олар өз мүддесі үшін БТА банктегі алаяқтыққа байланысты Әбіләзовтың босқын мәртебесін алуға құқығы жоқ деп шешті.
Мемлекеттік кеңеспен келіспейтін олигарх адвокаттар Пикуа мен Бейлунидің қызметіне жүгініп, сотқа апелляциялық шағым түсірген. Бірақ бұл сәтті болмады және 2022 жылдың 8 желтоқсанында CNDA апелляцияны қабылдамады.⠀
Нәтижесінде қашқын банкир Франциядағы саяси босқын мәртебесінен айырылды. Қазір заңға сәйкес, Әбіләзов Франциядан депортациялану немесе экстрадициялауды күтуде. Сондықтан Әбіләзовтың келесі баратын жері Қазақстан болуы мүмкін.
Бір қызығы, Мұхтар Әбіләзов бұл жаңалыққа бірден реакция жасады. Олигарх Instagram және Facebook парақшаларында бірқатар жаңа жазбалар жариялады.
«Бүгін түстен кейін мен француз соты 2020 жылдың 29 қыркүйегінде маған берілген баспана құқығын алып тастағаны туралы хабар алдым! Францияда ғана емес, әлем бойынша менің басымнан өткен нәрсеге ұқсайтын ештеңе жоқ! Бұл керемет оқиғалардың барлығы сыбайлас жемқорлыққа ұшыраған Назарбаев-Тоқаев режимі басқаратын Қазақстан тарапынан тұрақты және күшті қысым болғандықтан орын алуда. Өкінішке қарай, тіпті Батыстың саяси және сот жүйесінде миллиардтаған долларлық келісім-шарттармен қолдау көрсететін диктаторлық режим бар..» деп жазды ол.
Әбіләзов бейжай қарамайтындардан да қаржылай көмек сұрайды. Жиналған садақа көлемі қаншаға жетеді және қашқынға көмектесе ме, жоқ па ол жағы белгісіз.
«Дәл осындай жүйе заңсыз шешімдермен күресуге мүмкіндік береді. Бірақ бұл менде жоқ қаржылық ресурстарды қажет етеді. Осыған орай, құрметті достар, мен сіздерден қаржылай көмек сұраймын. 2016 жылдың 9 желтоқсанында қол жеткізгеніміздей, бұл жолы да бірігіп, біріккен күш-жігермен Францияның жоғары сот органында бұл шешімді даулай алатынымызға сенімдімін!» деп жазды ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық