Мұғалімдердің жекелеген санаттары біліктілік тестілеуінен босатылды
Сурет ашық дереккөзден
Бұрын мұғалімдердің бәрі осы санаттар біліктілік тестілеуіне түгелдей қатысатын. Ендігі жерде кейбір мұғалімдер осындай тестілеуден жеңілдіктер арқылы босатылады.
Педагогикалық өтілі 30 және одан да көп жыл болған педагогтар Ұлттық біліктілік тестілеуін (ҰБТ) тапсырудан босатылады және өз қызметі нәтижелерінің жан-жақты талдамалық қорытындысын – портфолиосын ғана тапсырады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, ескі жүйе бойынша «бірінші», «жоғары» санаттары бар мұғалімдер «мұғалім-модератор» біліктілік санатына көшкен кезде ҰБТ-дан босатылады, жұмыс нәтижелерін жан-жақты қорытындылайды.
Сонымен қатар, зейнеткерлік жасқа дейін төрт жылдан аспайтын уақыт қалған мұғалімдер аттестациядан босатылады.
— Білім министрлігі мұғалімдерді аттестациялау ережесіне өзгерістер енгізді. Бұл ретте ұстаздардың өздерінің ұсыныстары мен тілектері ескерілді. Егер бұрын еңбек өтілі мен жұмыс тәжірибесіне қарамастан барлық мұғалімдер ҰБТ тапсырса, енді жекелеген санаттар ҰБТ тапсырудан босатылды. Бұл ұзақ, 30 жылдық педагогикалық өтілі бар және зейнетке шығуға 4 жыл қалған мұғалімдерге де қатысты. Аттестаттау мұғалімдердің біліктілік деңгейін анықтау мақсатында өткізілетінін, оның нәтижелері бойынша оларға біліктілік санаттары тағайындалатынын немесе бекітілгенін және жалақының 30-дан 50%-ға дейінгі мөлшерінде ай сайынғы үстемеақы төленетінін атап өтемін, - деді Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.
Сертификаттау кезеңдері де қайта қаралды. Бірінші кезеңде мұғалімдер білім беруді ұйымдастыру барысында біліктілік аттестациясынан өтеді. Одан әрі олар өз қызметінің нәтижелерінің жан-жақты сараптамалық қорытындылауынан өтеді, яғни олар өз портфолиосын сараптамаға ұсынады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық