Мұғалімді балағаттап, оқудан шығып қалған оқушы бейнеүндеумен кешірім сұрады
Фото: Бейнеден кадр
Назарбаев мектебінің 11-сынып оқушысы мұғалімді балағаттағаны үшін оқудан шығарылды. Ол арнайы бейне түсіріп, кінәсін мойындап, оқуын жалғастыруды сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.
Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы оқу жылының аяқталуына екі күн қалғанда мұғалімді балағаттағаны үшін оқудан шығарылды. Жанжал оқушы тоқсандық қорытынды бағалау кезінде телефон қолданғанынан кейін басталған. Мұғалім оқушының телефонын алып қояды. Ызаланған оқушы мұғалімді көптің көзінше балағаттаған. Жағдай сараланып, оқушы 23 мамыр күні оқудан шығарылды.
Жасөспірімнің айтуынша, мұғалімдер мен ата-аналар ол туралы жалған ақпарат берген көрінеді. Сонымен қатар ата-аналар орыс тілін білмегендіктен және қысым болған соң мәлімдемеге мазмұнын түсінбей қол қойған.
«Егер маған осы мектепте оқуымды жалғастыруға мүмкіндік берілсе, мен тәртіптік жазаға, қоғамдық жұмыстарға баруға немесе басқа да шараларға дайынмын», — дейді оқушы.
Бұған дейін мектеп директоры Әнуар Жанғозин баланың кінәсі дәлелденгенін айтқан еді.
Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова бұл жағдайға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл мәселеде оқушының құқығы бұзылған.
«Мектеп тек сабақ беріп қана қоймайды, ол тәрбиелейді. Осы мектепке бес жыл бұрын ең ынталы, дайындығы жақсы оқушылар қатаң іріктеуден сәтті өтіп, мемлекеттік оқу грантын алды. Мектепте оқушыларды қорқытпай, керісінше олармен жұмыс істеу керек», — деді ол.
Депутат Қазақстандағы кәмелетке толмағандардың мінез-құлқы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекспен реттелетінін еске салды.
Бұл жағдайға оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев та араласты. Оның тапсырмасы бойынша мектепке балалардың құқықтарын қорғау комитетінің және аумақтық департаменттің өкілдері жіберілетін болды.
«Қазақстанда педагог мәртебесі заңмен бекітілген және оның қоғамда ерекше рөлі бар. Олардың кәсіби абыройына күмән келтіруге болмайды. Сонымен қатар оқушы жіберген қатесін түсінді. Бұл жағдайда мектеп адамгершілік пен кәсіпқойлық қағидаттарын басшылыққа ала отырып шешім қабылдайды деп сенеміз», — деді ведомствоның ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы.
Бұл жағдай министрлік пен балалар құқықтарын қорғау органдарының ерекше бақылауында.
Айта кетейік, Назарбаев университетінде бір студенттің дәретханадағы қыздарды жасырын суретке түсіргені белгілі болған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық