Мұғалімді балағаттағаны үшін оқудан шығарылған оқушы ауруханаға түсті
Коллаж: Orda.kz
23 мамырда мұғалімді балағаттағаны үшін мектептен шығарылған 11-сынып оқушысы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы сабақ үстінде мұғалімді балағаттап, басқа балалардың көзінше тіл тигізгені үшін білім ордасынан шығарылған еді.
Мектеп директоры Әнуар Жанғозиннің айтуынша, оқушының оқудан шығарылуына негіз болатын нақты дәлелдер бар.
«Мұғалім телефонды мектеп ережесіне сай алып қойған. Алайда оқушы шатақ мінез көрсетіп, мұғалімге дөрекі әрі қорлайтын сөздер айтқан. Мұндай әрекет мектеп тәртібіне, мұғалімге құрмет көрсету қағидаттарына және жалпы адамгершілік құндылықтарға қайшы. Айта кету керек, бұл оқушының тәртіп бұзуы алғаш рет емес», — деді мектеп басшысы.
Оқиғаға байланысты оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың тапсырмасымен мектепке Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен аумақтық департамент өкілдері жіберілетін болды.
Еске салайық, бұған дейін 11-сынып оқушысы бейнеүндеу арқылы көпшілік алдында кешірім сұраған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық