Мұғалімдер жаңа жылда сыйлық ала ма? — Министр жауап берді
Фото: freepik.com
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептерде жаңа жыл кезінде мұғалімдердің сыйлық алуына болмайтынын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Министрдің айтуынша, бұл тыйым тек жаңа жыл мерекесінде ғана емес, барлық іс-шара бойынша қарастырылған.
«Бұл туралы айтқанмын. Тағы растағым келеді. Мектептерде мұғалімдер ақшалай сый алмауы керек. Бұған министрліктің бұйрығымен тыйым салынған», - деп атап өтті министр.
Бейсембаевтың айтуынша, мерекелік іс-шаралар ата-аналардың қаржылық көмегінсіз өткізілуі керек.
«Кез келген іс-шара тек көңіл көтеру үшін ғана емес, жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталуы керек», - деп қосты ол.
Министр мұғалімдерге арналған сыйлықтар туралы да айтты.
"Мұғалімдер ешқандай сыйлық күтпейді. Мұғалімдер материалдық ынталандыру күтпестен балаларды оқытады және тәрбиелейді. Егер кейбір жекелеген білім беру ұйымдары бұған жол берсе, бізге хабарласаңыздар болады. Біз шара қолданамыз», - деді Бейсембаев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық