Мұғалімдер ноутбук құшақтап, жол жағалап жүр
Желіде таралған резонансты суреттен кейін Аққұм ауылын интернетпен қамтамасыз етуге уәде берілді.
Түркістан облысының Аққұм ауылына 20 Мбит/с жылдамдықпен және шектеусіз трафикті интернетпен қамтамасыз етуге уәде берілді. Интернеттің жоқтығынан мұғалімдер электронды күнделік толтыру үшін он шақырым жердегі көрші ауылға баруға мәжбүр болған.
Бүкіл Қазнетте тарап кеткен атышулы суреттен кейін министрлік жұмысқа кіріскен. Суретте ноутбуктерін құшақтаған мұғалімдердің жол жағалап, интернет қуып жүргені көрсетілген.
Оқиғадан кейін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ауыл тұрғындарын интернетпен қамтамасыз етуге уәде берді.
«Министрлік байланыс саласында «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын әзірледі. Осы жоба арқылы 3 мыңнан астам ауылды талшықты-оптикалық байланыс желісі арқылы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету шаралары қарастырылған. Бұл тізімге Аққұм ауылы да кіреді» деп хабарлады министрлік.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық