Mudarabah Capital ісінде күдікке ілінген Шыңғыс Құрманғалиев қамауға алынды
Коллаж: Orda.kz
«Тендерлік биржаның» басшысы Шыңғыс Құрманғалиев алаяқтық ісі бойынша тергеу изоляторына қамалды. Бұл туралы Orda.kz журналисіне жәбірленушілердің бірі хабарлады.
Ақпаратты Алматы ПД растады.
«Кәсіпкер изоляторға жіберілді. Сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Тергеу басқармасы істі ҚР ҚК-ның 190-бабы (3-бөлігі) «алаяқтық» бойынша тергеп-тексеруде», — деп жауап берді полицейлер редакцияның сұрауына.
Естеріңізге сала кетейік, Құрманғалиевтің есімі қаржы пирамидасы туралы істе аталды. Ел бойынша 500-ден астам адам оның «тендерлік биржа» жобасына инвестиция салып, алданып қалды. Жәбірленушілердің айтуынша, оларға екі айда 10% кіріс уәде етілген. Ал Шыңғыс Құрманғалиев мемлекеттік келісімшарттармен жұмыс істейтініне сендіріп, жалған жетістіктерімен алдаған.
Шыңғыс Құрманғалиевтің өзі ешкімді алдамағанын, инвесторларға төлемдер дұрыс жүргізілгенін мәлімдеді. Ол төлем құжаттарына сілтеме жасап, кейбіреулер салған ақшасынан «үш есе көп» қаржы алды деп айтты. Оның айтуынша, 2024 жылы компания дағдарысқа ұшырап, салымшылардың бір бөлігі ақшасыз қалған.
Айта кетейік, СҚО-да әлі ашылу салтанаты өтпеген Міржақып Дулатұлының мемориалын қасақана қиратып кетті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық