«Мотокросс – өмір салты»: Кәсіби шабандоз Қазақстандағы мотоцикл маусымының ашылуы туралы айтты
26-27 мамыр аралығында Қазақстанда кезекті мотоцикл маусымы ашылады. Биылғы шара жаңа серіктеспен - Parimatch компаниясымен бірге жаңа деңгейге өтеді деп күтілуде. Маусымның ашылу қарсаңында брендтің амбассадоры әрі белгілі шабандоз жүргізуші Дмитрий Семенихин мотокросс деген не және оның қыр-сыры туралы толығырақ айтып берді.
Неліктен бұл спортты таңдадыңыз? Жалпы мотокросс сізге не береді?
Мен мотокросқа 7 жыл бұрын кездейсоқ кездесу арқылы келдім. Бастапқыда өз бетімше жаттығатынмын, бірақ 2020 жылы көлік жүргізу техникамды жетілдіру үшін жаттықтырушымен бірге жаттығамын деп шештім, өйткені мұнда қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды.
Бүгін мен мотокросты өмір салтым деп нық сеніммен айта аламын. Бұл жарысу ғана емес, сонымен қатар мотоциклді сайысқа дайындау және өзіңді жаттығулар арқылы шыңдау, тек осы арқылы мен жарыстарда өзімнің және «темір тұлпарымның» бар мүмкіндігін көрсете аламын. Жарыстарда әркез толқу бар, тынысың тарылатын кездер де болады. Толқудың салдарынан ойдағы нәтижеге жетпей жатасың, бірақ осы әсер үшін қайта оралғың келіп тұрады, қайта сезінгің келеді. Ең үлкен қиындық - қорқыныш пен күмәнді жеңу.
Сырттан қарағанда, сіздің орындаған барлық амалдарыңыз оңай көрінеді. Ал шындығында қалай?
Бұл көріністің артында көптеген сағаттық жаттығулар мен жете дайындық жатыр. Сырттан қарағанда қорқынышты сияқты, бірақ дәл сол трюкті қайталай берсең, әдетке айналып, оңай жасалады. Дегенмен, әр жасаған сайын үздік нәтижеге ұмтыласың - қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, биігірек секіріп, жылдамырақ жүргің келеді
Сіз қандай жетістігіңізді ерекше мақтан тұтасыз?
Біріншіден, мен мотокросқа келгенімді мақтан тұтамын. Сондай-ақ менің 125-кластағы бірінші чемпионатымды айтар едім, онда мен барлық қалаларды аралап, үшінші орынға ие болдым. Сол кезде шынымен де барлығына қол жеткізуге болатынын түсіндім. Осы спорт түрімен ары қарай айналысып, жаңа белестерді бағындыруға деген құлшынысым одан сайын арта түсті.
Осы бағытқа аяқ басқан жас спортшылардың нені білгені жөн деп санайсыз?
Мотокросс барлығына қолжетімді және одан үйрейленудің қажеті жоқ. Алайда бұл күрделі спорт түрі және адамнан физикалық тұрғыдан күш-жігер пен уақытты талап етеді. Бірақ алатын әсеріңіз осыған тұрарлық - сіз басқа жерде мұндай эмоцияларды сезіне алмасыңыз сөзсіз.
Қазақстанда мотокросс қаншалықты танымал немесе оның танымалдылығын қалай арттыруға болады?
Қазір мотокросс шағын ортада танымал. Біздің өзіміздің жарыстарымыз, шабандоз жүргізушілердің қауымдастығының бар екенін білетіндер аз. Қосылудың жолын таппай жүргендер де баршылық. Дегенмен, жарыстарда үнемі адам көп болады - әр класта кемінде 10 адамнан, ал үлкен шараларда 100 шабандозға дейін жиналады.
Бұл спорт түрі елімізде белсенді дамып келе жатқанын халық білуі үшін БАҚ арқылы жиі айтылып отырса екен деймін. Қазақстанда арнайы тас жолдар да аз емес, майталман шабандоздар да жол сілтеп, кеңес бере алады. Мұның бәрі халыққа қолжетімді. Әрине, болашақта танымалдылық артқанда тректердің көбірек салынғанын қалаймыз.
2023 жылға жоспарыңыз қандай?
Биыл мен 450 ш.сантиметрлік мотоциклге мінемін. Мен үшін бұл жаңа көлем, жаңа қуат, оған үйрену керек. Әзірге бәрі ойдағыдай деуге келмейді, алайда биылғы маусымда бүкіл чемпионатты үздік бестіктің қатарында өткізу жоспары тұр. Мен бұл үшін көп дайындалдым және қолымнан келетініне сенімдімін.
Неліктен Parimatch-ты серіктес ретінде таңдадыңыздар?
Parimatch-пен бірге біз мотоспортты және Қазақстан мотоспорт чемпионаты аясындағы іс-шараларды танымал ете аламыз деп сенемін.
Чемпионат Қостанай облысындағы Әулиекөл ауылында сағат 12:30-да басталады. Қонақтарды Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген батыл мотокросшылардың қызу шоуы күтіп тұр.
Серіктестік материал.
Жаңалықтар
- Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға 34,3 млрд теңге бөлінді
- Жамбыл облысында аурухана қызметкерлері кәріз құдығына түсіп, екі адам қаза тапты
- Қырғызстан мұнай мен мұнай өнімдерін елден шығаруға уақытша тыйым салды
- Заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды
- Атырауда қайын жұртын қырып салған күйеу бала өмір бойына бас бостандығынан айырылды
- Абай облысында пышақталған қыздың мәйіті табылды
- МӘМС-пен тегін жасалатын ота үшін 8 млн теңге алған хирургтің ісі сотқа жолданды
- Астана маңындағы демалыс базасында ер адам өлім аузынан қалды
- 25 жыл түрмеде отырған «балталы маньяк» бостандықта қайтадан әйелге шабуыл жасады
- Семейде көпір үстіне жатып суретке түскен әйелге айыппұл салынды
- Психиатриялық ауруханаға жіберілген экс-дін қызметкері Воронцов қайтадан тергеу изоляторына қайтарылды
- Әлиев Тоқаевқа Қарабақ үшін алғыс айтып, Құрманғазы мен Түркістанды ерекше атады
- Тоқаев Қатар әміріне әкесінің қайтыс болуына байланысты жеке көңіл айтты
- АҚШ Иранға қарсы теңіз қоршауын қайта бастайды
- «Қарасора – 2026»: Он күнде 121 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді
- 45 градусқа дейін ыстық: Синоптиктер ауа райына қатысты ескерту жасады
- Адамжегіш Николай Жұмағалиев психиатриялық ауруханадан тараған видеода не айтты?
- ӘЧ-2026: Чемпионат финалы билетінің құны белгілі болды
- Инвестиция көлемі 9,5 триллион теңге: Тоқаев премьер-министрдің есебін тыңдады
- Қазақстанда сұраныс күрт артты: Зейнетақы аннуитеті деген не?