More Life қорының директоры ұсталды
Фото: видеодан кадр
Ақтөбеде қайырымдылық қорының директоры 30 миллион теңге алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлайды.
Ақтөбенің бірнеше тұрғыны «More Life» қорының өкілдеріне қатысты арызбен полицияға хабарласты. Зардап шеккендердің айтуынша, қор директоры емделуге қаражат жинауға көмектесеміз деген желеумен жиналған ақшаны иемденіп алған.
«Қылмыстық іске алты жәбірленуші тартылды, 2023 жылы бір оқиға бойынша қор мен емделуге мұқтаж баланың ата-анасы арасында 30 миллион теңгеден астам шығын өндірілді. Қажетті соманы жинап алған соң қор баламен бірге ата-анасын Беларусь Республикасының Минск қаласына емделуге жібереді. Нәтижесінде бала тиісті жағдайда емделмеген, ал баланың ата-анасы басқа елде көмексіз қалды» деді полиция.
Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу аясында жедел-іздестіру шараларын жүргізуге халықаралық бұйрық жіберілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық