«More life»: Балалар емінен 44 млн жымқырған қор директоры сотталды
Фото: «Ақтөбе таймс» газеті
23 қазанда Ақтөбе қаласының №2 сотында More Life қайырымдылық қорының директоры Бибігүл Жулинаға үкім шығарылды. Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп танылып, 6 жарым жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz Ratel.kz сайтына сілтеме жасап.
Сот деректеріне қарасақ, 2022 жылдан 2024 жылға дейін Жулина ауыр дертке шалдыққан балаларды емдеуге жиналған 44 миллион теңгеге жуық қаржыны иемденген.
Ең даулы істердің бірі – бүйрегі ауыратын 4 жасар қыз балаға Беларусь елінде шұғыл ота қажет болған жағдай. More Life қоры операцияға қажетті 30 миллион теңгені жинап, бірақ ақшаны клиникаға жібермеген, ал есеп құжаттары жалған болып шыққан. Қыз бала қазірге дейін тек гемодиализ арқылы өмір сүріп жатыр.
Тағы бір зардап шеккендер – көздің қатерлі ісігі диагнозы қойылған балақайдың ата-анасы. Қор Швейцарияда емделуге уәде еткенімен, құжаттары дұрыс толтырылмаған соң операция жасалмай қалды. Осылайша ата-аналар уақыт жоғалтып алғанымен қоймай, жинаған ақшаларынан да айырылып қалды.
Алданғандардың қатарында Жулинаның өз апасы да бар. Ол өзінің мүгедек баласын емдеуге Түркияға жіберген. Уәде етілген емнің орнына балаға тегін жасалатын физиотерапия ғана жасалған. Сапардан кейін баланың жағдайы нашарлап, мүгедектік деңгейі ауырлай түскен.
Жулина өз кінәсін мойындамай, тек көмек көрсетуге тырыстым деп ақталды. Алайда тергеу оның кінәсін толық дәлелдеді. Енді зардап шеккен отбасылар жоғары сот инстанцияларында әділдікке қол жеткізбек.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық