Молдова «ядролық апат» жағдайына шаралар қолдана бастады
Сурет: Reuters
Молдова Денсаулық сақтау министрлігі Запорожье атом электр станциясында «ядролық апат» орын алған жағдайда ел аймақтарына 1 миллион таблетка калий йодидін тарату туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы Кишинев қалалық медициналық-әлеуметтік көмек бас басқармасының басшысы Борис Гылкэ айтты.
Оның айтуынша, радиоактивті заттардың бөлінуінен қауіп төнген жағдайда қорғайтын тиісті дәрі-дәрмек мемлекет азаматтары арасында таратылады.
— Бұл азаматтар дәріге тәуелді болу керек дегенді білдірмейді. Тек қауіп төнген жағдайда және төтенше қоғамдық денсаулық сақтау комиссиясының шешімімен азаматтар арасында дәрілер таратылады, - деп түсіндірді Гылкэ.
Кишинев билігі өкілінің мәлімдемесі Запорожье АЭС аумағын атқылаудың жалғасуы себебінен пайда болды. Бірқатар БАҚ мұндай жағдай өткен ғасырдың 80-жылдарындағы Чернобыль АЭС-індегі апатқа ұқсас «ядролық апатқа» әкелуі мүмкін екенін бірнеше рет атап өтті. Бұл ретте ықтимал оқиғаның салдары шекарасы ЗАЭС-тен небәрі 400 шақырым жерде орналасқан Молдоваға әсер етуі мүмкін.
Бұған дейін МАГАТЭ басшысы Рафаэль Мариано Гросси атом энергиясы агенттігінің сарапшылар миссиясын Запорожье АЭС-ке шұғыл түрде жіберу қажеттігін мәлімдеген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық