Молдова орыстілді телеарналар лицензиясын қайтарып алды
Молдованың Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясы хабар тарату лицензияларын тоқтату туралы шешімді ел билігінің қоғамдық пікірді бұрмалау әрекеттерінің алдын алуды қалайтынымен түсіндірді.
Молдова орыстілді арналарды көрсетуді тоқтатады. Елдің Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясы (Ресей-Украина соғысы басталғаннан кейін құрылған) лицензияларды қайтарып алды. Anadolu жазғандай, нәтижесінде Молдовада «Первый в Молдове», «РТР-Молдова», Accent TV, «НТВ-Молдова», TV6 және «Оргеев» арналары аумақта хабар таратуды тоқтатады.
Комиссия мұны арналардың Украинадағы соғыс туралы жалған ақпарат таратуымен дәлелдеген. Комиссия мүшелері жүргізген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, арналар «өз хабарларында халықаралық оқиғалар мен Украина соғысы туралы толық емес ақпарат берген».
«Телехабар тарату лицензияларын тоқтату туралы шешім «қоғамдық пікірді бұрмалау және жалған ақпаратты тарату әрекеттерінің алдын алу» мақсатында қабылданды» деп атап өтті комиссия.
Хабар тарату арналарына лицензияның тоқтатылуын құптай отырып, Молдова президенті Майя Санду «елді тұрақсыздандыру әрекеттерінің алдын алу үшін маңызды қадам жасалғанын» атап өтті.
Дегенмен, TV6 арнасы Facebook желісіндегі аккаунтында бұл шешімді «мүлдем негізсіз» және «сөз бостандығына бұрын-соңды болмаған шабуыл» деп атады.
Ал Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова «Молдаваның миллиондаған орыстілді тұрғындары өздеріне ұнайтын жаңалықтар көзінен айырылғанын» айтты. Ол мұны «Молдавадағы азшылықтардың құқықтарын дөрекі түрде бұзу» деп бағалады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық