Мойнымнан қылқындырды: Екі баласынан жәбір көрген әке тың деректерді айтты
Жетісу облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылының 62 жастағы тұрғыны Бақытбек Қадыш бірнеше жыл бойы екі баласынан жәбір көріп келеді. Қос ұлдың көксегені не, ақсақалдың бұйымтайы қандай? Мұны Orda.kz тілшісі ақсақалдың өзінен сұрап білді.
Бекзат пен Бекболаттан жәбір көрдім деген ақсақал басынан өткенін тізіп берді. Етік тігіп, нәпақасын тауып жүрген ақсақалдың тапқан-таянғанын екі ұлы алып кетеді екен.
«Бұларды ұстап алып кетеді, он күн жатады қайтып келіп, қайта тиіседі. Жұмыс істеп отырған жерімді шағады. Менен де қателік кеткен шығар деп кешірім де сұрадым. Ақша бер деп сұрай береді, бермесең істемегенді істейді. Алдыңғы жылы екі ұлым машинаға басып алып, айдалаға апарып тастады. Ауырып әрең жазылдым», - дейді Бақытбек аға.
Екі балам басыма шықты деген ақсақалдың екі отбасы бар. Бәйбішесінен төрт ұлы бар. Көресіні осы бәйбішесінің екі ұлынан көріп отырған жайы бар.
«Мен ұлдарыма үйден үй, көлікті салоннан алып бердім. Үлкен ұлымның үш баласы бар, етік тігумен айналысады. Үш баласы бар. Ешбір тірлігі алға баспай, қарызға белшерінен қарызға батып жүреді. Екінші ұлымның алты баласы бар. Денеме жарақат түспейтіндей етіп ұрып, қылқындырып, тұншықтырып телефонымды, ақшамды тартып алады. Полиция «өзіңізден де бар, арыз бересіз де алып аласыз» дейді», - деп мұңын шаққан ақсақал.
Қазір немерелері атасына әлеуметтік желіге жария еттің деп жылап шағым айтып жатқан көрінеді. Бақытбек аға бәйбішесін ұлдарына қосып беріп, өзі тоқалымен өмір сүріп жатырмын дейді.
«Ұлдарым шешелерін маған қарсы қайрап салып, ол балаларымен қосып тиіседі маған. Бастарына үйлерін де алып бердім, енді маған не қыл дейді. Менің бір ғана өтінішім дүкенді маған қалдырсын. Бұл дүкен кіші ұлымда еді. Ол ұлыма 4-5 үй алып бердім. Маған осы дүкенді алып беріңіздерші. Қартайғанымда мен де күн көруім керек қой», - дейді баласынан таяқ жедім деген ақсақал.
Ақ қар, көк мұзда талай далада қалдым, тәтті етіме тиген ащы таяқтан мезі болдым деген ақсақалдың айтар мұңы көп.
Мәселенің мән-жайын Жетісу облыстық полиция департаментінен сұрап көрдік.
«12 ақпанда Ақсу ауданының 62 жастағы тұрғынының арызы негізінде ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында құқыққа қайшы әрекеттерді оның 31 және 34 жастағы екі ұлы жасағаны анықталды. Сот үкімімен олар кінәлі деп танылып, әрқайсысына қамау түріндегі жаза тағайындалды. Сонымен қатар істі қарау барысында сот олардың мінез-құлқына 3 ай мерзімге ерекше талаптар белгіледі, оның ішінде жәбірленушіге жақындауға тыйым салынды», - дейді полиция өкілдері.
Қазіргі уақытта ер адамдар қамауда отыр. Бостандыққа шыққаннан кейін екеуі де профилактикалық есепке алынады. Жағдай полицияның бақылауында.
Оқи отырыңыз:
Шымкентте жасөспірім 5-сынып оқушысын ұрып-соққан видео тарады
Екібастұзда әкімдік қызметкерлері букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық