Мобильді төлемдерге қатысты түзетулерді Қаржы министрлігі түсіндірді
Фото: ашық дереккөзден
Мобильді төлемдерді реттеу туралы құжаттың қабылдануымен қазақстандықтардың өмірінде не өзгеретінін Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі түсіндірді.
Министрлікте атап өтілгендей, салық кодексіне енгізілген өзгерістер салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ көлеңкелі экономиканы азайтуға және адал кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған.
«Заң «Атамекен» Ұлттық палатасымен, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығымен және екінші деңгейлі банктермен бірлесіп әзірленді. Ол іскерлік мақсаттағы мобильді төлемдерді жеке тұлғалардың жеке аударымдарынан ажыратуға мүмкіндік береді» деді Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
Қаржы министрлігі жеке тұлғалардың жеке аударымдарына салық салынбайтынын атап өтті.
«Заңнамада «мобильді аударым» және «мобильді төлем» ұғымдары бөлінген. Соңғысы тауарлар мен қызметтерге ақы төлеуде жүзеге асырылады. Бұл кәсіпкерлердің кірістерін салық декларацияларында дұрыс көрсетуді көздейді» деп атап өтті Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
Мобильді төлемдерді фискалдандыру жаңа салықтың пайда болуын білдірмейді, бұл тек бизнестің қолданыстағы заңнамада көзделген салық міндеттемелерін орындауына бағытталған.
Кәсіпкерлер бұрынғыдай мобильді төлем алғаннан кейін тұтынушыға кассалық чек беруі керек.
Мобильді төлемдер туралы ереже 2022 жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енеді.
Кәсіпкерлік белсенділік белгілері бар мобильді төлемдер бойынша деректер алмасу тек 2025 жылдан бастап жоспарланған.
Қаржы министрлігі мемлекет басшысының өкімімен бұрын 3 жылға енгізілген қолданыстағы мораторий аясында жеке кәсіпкерлер 2022 жылдың соңына дейін табыс салығын төлеуден босатылғанын еске салды.
Сенат депутаттары Салық кодексіне түзетулерді қабылдады. Жоба аясында Қазақстан мобильді трансферттерге салық салуды көздеп отыр.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, бұл жеке тұлғалардың жеке аударымдарын бизнес мақсатында жүзеге асырылатын мобильді төлемдерден бөлуге мүмкіндік береді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық