ММА файтері вакцина туралы пікірталас кезінде дәрігерді өлтірді – БАҚ
Өзбекстаннан шыққан ММА файтері Ақмал Хожиев АҚШ-та дәрігерді өлтірді деген айыппен қамауға алынды.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, 27 жастағы спортшы коронавирусқа қарсы вакциналау туралы даудан кейін дәрігер Миран Рибатиді өлтірген. Спортшы өз қылмысын мойындады. Қайғылы оқиға 7 қарашада Гуамда Тамунингте қаласында болды.
Guam Daily Post хабарлағандай, Хожиев пен 42 жастағы Рибати бір-бірімен жергілікті спорт залда танысып, түскі ас ішу үшін Ақмалдың үйіне барған. Онда ерлер арасында коронавирусқа қарсы вакцина туралы дау туды. Қақтығыс пікірталаспен шектеліп қалмаған. Ашуған мінген Хожиев дәрігерді тұншықтыра бастаған.
Ажыратуға тырысқан куәгерді Хожиев ұрып жіберген. Осыдан кейін Хожиев ас үйге барып, асханадан түскі астан қалған сүйекті алып, онымен Рибатидің мойнына бірнеше соққы жасады деген болжам бар. Жәбірленуші қашуға тырысқанымен, Ақмал оған бірнеше рет пышақ салып, құтылуға жол бермеді.
Оқиға орнына полиция келгенде Хожиев жәбірленушінің денесінің жанында отырған. «Мырза, бұл мен. Мен оны өлтірдім» деп істегенін мойындаған. Дәрігер Рибати оқиға орнында қайтыс болды.
Спортшы бір миллион доллар кепілдік беріп, бостандыққа шықты.
Хожиев жаппай вакциналауға белсенді түрде қарсылық көрсетушлідердің қатарында болған. Файтердің бірнеше әріптестері айтқандай, жақында оның психикасына қатысты күрделі проблемалар болды. Бақыланбайтын агрессияның өршуі байқалды. Бұған дейін ол қызметкерлер мен келушілерді қорқыта бастағаннан кейін екі спорт залынан шығарылды.
Кәсіби рингте Хожиев екі жекпе-жек өткізіп, екі жеңіске жетті. Соңғы жекпе-жек 2017 жылы өтті.
Ақмал Хожиев Самарқандта дүниеге келген. 2017 жылы жас жігіт Санкт-Петербург мемлекеттік азаматтық авиация университетінің әуе тасымалы және әуежайлар факультетін бітірді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық