МКК Қазақстан мен Ресей шекарасындағы кезекке түсініктеме берді
Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті
Соңғы уақытта ақпараттық кеңістікте Қазақстан мен Ресей шекарасындағы, әсіресе «Жайсаң» автокөлік өткізу пунктіндегі ұзын-сонар кезек кеңінен талқылануда. Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) мәлімдегендей, жүк көліктерінің шоғырлануын CarGoRuqsat электронды кезек жүйесінің жұмысына байланысты болған, деп хабарлайды Orda.kz.
МКК мәліметінше, кезектердің негізгі себебі – 13 мамырда басталып, шамамен 7 маусымда аяқталуы жоспарланған, «Жайсаң» өткізу пунктінің алдындағы Самара — Шымкент республикалық тас жолы учаскесіндегі жол жөндеу жұмыстары. Жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы уақытша бағдаршам мен құрылыс шлагбаумы арқылы шектелген, бұл өз кезегінде жолдың өткізу қабілетін төмендеткен.
Сонымен қатар, Ресей жақтағы «Сагарчин» өткізу пунктінде тек екі жолақ жұмыс істесе, Қазақстан жағындағы «Жайсаң» пунктінде олардың саны төртеу. Бұл өткізу мүмкіндігіндегі теңгерімсіздікке әкеліп, кезектің пайда болуына себеп болған.
«Qoldau.kz цифрлық платформасы негізінде жұмыс істейтін CarGoRuqsat электронды кезек жүйесі мемлекеттік шекараны цифрландырудың тиімді құралы болып қала береді. 2023 жылы енгізілген сәттен бастап үшінші елдермен шекарадағы өткізу пункттерінің өткізу қабілеті 61%-ға артты. ЕАЭО елдерімен шекарада жүйе арқылы 230 мыңнан астам жүк көлігі өткен. (…) Электронды кезек жүйесі көлік ағындарын тиімді реттеуге, шекарадан өту үдерістерінің ашықтығын қамтамасыз етуге, адами фактор мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді. Сондықтан да бұл жүйе көліктердің жиналуына себеп болмайды», деп хабарлады МКК.
Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, тасымалдаушыларға келесі ұсыныстар берілді:
— CarGoRuqsat жүйесінде шекарадан өту уақытын алдын ала брондап, келу мерзімін қатаң сақтау;
— жол жағдайы мен мүмкін шектеулер туралы ақпаратты уақтылы қадағалап отыру;
— жүйені айналып өтуге арналған бот-бағдарламалар мен өзге де әдістерден бас тарту — мұндай әрекеттер бақыланып, жолы кесіледі.
2024 жылы Владимир Путин Ресейдің Экономикалық даму министрі Максим Решетниковке Алтайдағы Белуха тауына қатысты шекара мәселесін шешуді тапсырған болатын.
Былтыр қазан айында жүк тасушылар Ақтөбе облысындағы дәл осы Жайсаң бекетінде өте ұзақ тұруға тура келетінін, күту кейде бірнеше күнге созылатынын айтып шағымданған.
Өткен жылы шекараны демаркациялау жөніндегі Қазақстан-Ресей бірлескен комиссиясының кезекті, 142-ші отырысы өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық